Қоғам

Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындар жазалануы мүмкін

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды. Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі, деп хабарлайды Caravan.kz.

Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналар үшін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.

Депутат Қылмыстық және отбасылық кодекстерге және «Мемлекеттік қызмет және муниципалдық қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны артып келеді. Олар әртүрлі себептермен сонда қалады. Бірақ көбінесе оларды бұл жерге балалары әкеледі. Ата-анасын тастап кеткен азаматтарды жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет. Бірақ іс жүзінде бірде-бір ата-ана баласына өтініш жазбайды. Бұл заң жобасы қабылданғанда азаматтар қарттар үйіне келген кезде мекеме басшылығы автоматты түрде құқық қорғау органдарына арыз жіберіп, іс сотта қаралатын болады.

Депутат ата-анасын қарттар үйіне қалдырған азамат жауапқа тартылса, айыппұлды 50-ден 100 мың сомға дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл норма Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабында «Балалардың ата-анасын асыраудан жалтаруы» деп көрсетілген.

Комитет мүшелері заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Путин Иран президентін жерлеу рәсіміне бармайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…

5 часов ago

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…

6 часов ago

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

9 часов ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

1 день ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago