Руханият

Ата-бабасының қателігі үшін ұрпағы жауап бере ме?

Белгілі имам, дінтанушы, психолог Нұрлан Байжігітұлы «ата-бабасының қатесі үшін үрім-бұтағы жауап береді» деген түсінікке қатысты пікір білдірді.

Имамның айтуынша, психологияда әртүрлі наным-сенімді алға тартып, ақша табуды ғана көздейтіндер көбейіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Психологияның дәстүрлі жолында қазір осындай әртүрлі сомтикаға салу арқылы тармақшалар көбейіп кетті. Бұл тармақшалар адамды емдейміз деген сылтаумен түптеп келгенде ақша табуды ғана көздейді. Адам солай өзін-өзі алдаумен өмір өткізеді. Біздің ата-бабаларымыздың қатесі үшін үрім бұтағы жауап береді деген қате сөз.

Мысалы некесіз туған бала ата-анасының қателігі үшін бала жауап бермейді. Баланың өзіне сұрақ болады.

Өзінің тағдыры, өмірі, жазмышы мен болмысы бар. Ата-бабамыз істеген қателік те көп болуы мүмкін ғой. Оларды әулие деп айта алмаймыз ғой. Олар да адам болды, пенде болды. Солар үшін біздің өміріміз ауру, қайғы болып, бұл өмірге келуге лайықсыз болып қалар едік. Сондықтан әркім өзі үшін жауап береді.

Соңғы кезде елдің аузынан түспей жүрген сөздің өзі – тек. Тіпті, тойға барсаңыз тектілермен құда болдық деп отыр. Тектілік деген елдің түсінігінде жетістік, ақша, абырой, қызметпен байланысты.

Абай атамыз тектілікті, тұқымды жақсы түсіндіріп береді. «Тектілік – тәрбиеде» дейді.

Қазақта «Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз; Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз,

деген сөз бар.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago