Қатесі бар мектеп оқулықтары қайта басылып шығарылады

«Ашық НҚА» порталында оқу-ағарту министрлігінің баспада қатемен басылған оқулықтарды қайта шығаруға міндеттейтін бұйрығының жобасы жарияланды.

Аталған бұйрықтың жаңа нұсқасында бұрын болмаған 24-1 тармақ ұсынылып отыр. Оның мазмұны мынадай:

Оқулықты басып шығару құқығына ие болған баспа мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша жергілікті атқарушы органдар сатып алған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің тиражын келесі жағдайда ауыстырады:

1) Пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу салдарынан жіберілген қателер және басқа да кемшіліктер анықталғанда;

2) арнайы комиссия қолданыстағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенде жалпыға танымал және ғылыми фактілердің бұрмалануын, мәліметтерде (оқиға, күні, аты, тегі, әкесінің аты, атауы, дәйексөз, анықтама, заңдылық, ереже, аксиома, иллюстрация атауында) фактологиялық қателіктердің жіберілуін растағанда.

Бұйрық жобасныда мұндай арнайы комиссия білім мазмұнын сараптау орталығының қолданыстағы оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде қате табылған және оны баспа мойындамаған жағдайда құрылатыны айтылған.

Комиссия құрамына ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енеді. Олардың саны тақ және бұрын сараптамаға қатыспаған болуы қажет. Шешім баспаның дәлелдеріне қатысты ықтимал қателіктерді жан-жақты және объективті қарау негізінде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің жұмысына ақы төленбейді, — деп жазылған құжатта.

Құжат 28 қарашаға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago