Categories: Қоғам

Қатыгез басшылық. Қоғам сондай…

Кеше, 20 қараша күні өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ауруханада көз жұмғаны туралы қаралы хабар тарады. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күрескен еді. Небәрі 28 жастағы ержүрек азамат нағыз ерліктің нышанына айнала білді. Амал нешік, біз сондаймыз. Қатыгез басшылық. Қоғам сондай. Адамды тірісінде бағалай алмаймыз. Өлерде, не өлген соң марапат-атақ беріп, үй сыйлап жатамыз. Тірісінде соның қызығын көрмеген соң, өлген соң оның пайдасы бар ма? Барымызды тірісінде бағалап қашан үйренеміз? Өзгенің еңбегін бағалайық, адамнан жақсы қасиеттер көруді үйренейік. Дүниеден озған соң бәрі кеш…

Танымал медиаменеджер Марғұлан Тұрсынов өзінің инстаграм парақшасында қайтыс болған құтқарушының отбасына көңіл айтып, келесідей ойымен бөлісті.

Менің ұсынысым осындай… Асқар Забикулинді жерлеу рәсімін барлық құрметпен ұйымдастыру керек. Батырды құрметпен шығарып салу керек. Жастар қарап, үлгі алсын, оған тең болуға тырыссын!!!

Әрине, бұл біздің дініміз бен менталитетімізге жат дәстүр, дегенмен Америкада мұндай батырлардың құрметіне жерлеу кезінде көшелер жабылып, ниет білдірушілердің барлығына қатысуға және эмоцияларын білдіруге рұқсат етіледі. Батыстағы аталмыш дәстүрлер ержүрек батырлардың қоғамдағы маңыздылығын арттырып, олардың құндылығын көрсетеді.

Әрине, бұдан кейін кішкентай балалар «Әке, бұл кім? деген сұрақ қояды. Мен де осындай болсам екен деген арман пайда болады. Осылай халықтық идеалогия қалыптасады.

Ал біздің ел мұндай идеалогиядан жұрдай. Халық нағыз батырлардың кім екенін білмейді де. Өлген соң ғана олардың қайсарлығы мен батырлығын сөз қылады. Халыққа нағыз үлгі болатындар, міне, осындай құтқарушы, дәрігер, полиция қызметкерлері. Ал қазіргі жастардың еліктейтіні блогерлер. Қымбат көлік мініп, ақшасын оңды-соңды шашатындар үлгі болып отыр. Себебі өзіміз, ел болып бесігімізді түзете алмай келеміз.

Нағыз батыр Асқар Забикулин мәңгілік ел есінде қалатыны сөзсіз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының көшелерінің біріне батырдың есімі беріліп, бюсті орнатылатын болды. Сондай-ақ елорда әкімдігі құтқарушылардың отбасына қаржылай көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды. Асқар Забикулиннің жұбайына үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Жаңа баспана Есіл ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтер Асқардың отбасына жекеменшікке, әрленген күйде әрі жиһазымен бірге беріледі. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр.

Тағы бір зардап шеккен қызметкер № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров комбустиология бөлімінде ем қабылдауда. Оған министр Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасын тапсырды.

Сондай-ақ Аян Кемпіровтің отбасына көмек ретінде ипотекасы жабылды. Оның сомасы 24 миллион теңгені құрайды.

Сол сияқты Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына тиесілі 6 миллион теңгенің несиесі өтелді.

Еске салайық, 16 қарашада сағат 10:43-те Астана қаласы ТЖД бөлімшелеріне Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайындағы пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Шақыру орнына үш минуттан кейін жедел түрде жеке құрамның 26 адамы мен 6 бірлік техникадан тұратын өрт-құтқару бөлімшелері келген.  Олардың арасында өрттен зардап шеккен өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпіров те болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago