Categories: Қоғам

Атырау қалың түтін астында: Тұрғындар күйіктің иісіне шағымдануда

Каспий жағалауындағы қамыс өртінен кейін Атырау қаласын қалың түтін басты. Әлеуметтік желіде тұрғындар күйіктің иісіне шағымданып жатыр.

«Атырау, қалайсыздар? Көмірсутек деңгейі артып кетті дейді, оның үстіне қалада қамыс өртепті. Қызық жағдай. Экология министрлігі, сіздердің жағдайларыңыз қалай?» – деп жазды журналист Асхат Ниязов.

Сонымен қатар қаладағы күйіктің иісіне байланысты оқушылар қашықтан оқуға жіберілді.

«Бүгін оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды», – деп мәлімдеді қала әкімдігі. 

Қазіргі таңда Атыраудан 30 шақырым жерде 7 гектар аумақта қамыс өртенген. 

«2 сәуірден бастап 89 гектар қамыс өртенді, оның 82 гектарында өрт сөндірілді», – делінген облыстық әкімдік хабарламасында. 

Өртті сөндіру үшін 40 қызметкер мен төтенше жағдайлар департаментінің 4 бірлік техникасы, «Ақжайық» резераватының 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago