Атырау облысында 14 жастағы жүргізуші қаза тапты – ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ жолда барынша сақ болуға шақырады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, елде балалар себеп болатын апат, жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.

Өкінішке қарай, қазіргі заманауи ата-ана тәрбиесі балаларға көптеген еркіндік береді. Ол өз кезегінде қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Ата-аналар балалардың “сынақ пен қателік” арқылы үйрену қабілетін асыра бағалайды. Кей жағдайларда ата-аналар қауіпсіздік туралы ойламай, балаларына автокөлік кілттерін береді. Бұл деректер кәмелетке толмағандардың және жол жүрісіне қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді,

деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның сөзінше, жыл басынан бері Қазақстанда жасөспірімдердің көлік тізгіндеу әрекеттерінен 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 10-нан астам адам қаза тауып, 90-нан астам адам жарақат алған.

Мәселен, кеше Атырау облысында Жасталап ауылының жанындағы жолда Toyota автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі небәрі 14 жаста болғандықтан басқаруға ие болмай, аударылып қалды. Салдарынан бала қайтыс болды, ал оның 4 жасөспірім жолаушысы ауруханаға түсті. Осыған байланысты ІІМ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді (ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі) Сондықтан ата-аналарға дәл бүгін, кейінге қалдырмай, балалармен жол қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын талқылауға кеңес беріледі. Бұл кеңестер баланың жадында сақталады және қауіпті жағдайлардың тәуекелін азайтады,

деді аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago