Categories: Оқиға

Атырау облысында қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы заңсыз аударылған

Атырауда қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаржысы заңсыз аударылған.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын бұзуға қатысты 100-ден астам дерек анықталған.

Прокурорлық қадағалау шараларымен мүгедек адамдардың жеке көмекшілерінің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмегені, 69 көмекшінің басқа мекемелерде жұмыс істегені, қайтыс болған 30 адамның атына бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.

Бұдан бөлек, Атырау қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды. Оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді,

деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуына қатысты талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік нысандар да анықталып отыр. Осыған байланысты бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago