Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қазақ ұлттық қыздар мектебінің» жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотқа Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапалы қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысы білім саласындағы сапалы қамтамасыз ету департаменті жүгінген. Мекеме «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС білім беру қызметін тоқтатуды сұраған.
ЖШС 2022 жылдың 18 маусымында заңды тұлға ретінде тіркелген. Алайда лицензияны және лицензияға қосымшаны алмастан білім беру қызметімен айналысып, Атырау қаласында 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап 117 баланы (7 сынып) қабылдаған. Осылайша жекеменшік білім беру ұйымы ретінде жұмысын бастаған.
Сотта мектеп тарапы лицензияға құжаттар тапсырып қойғанын айтып, мектептің білім беру қызметін тоқтатпауды сұрады.
Сот шешімімен министрліктің талабы қанағаттандырылды, осылайша «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметін тоқтату туралы шешім шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берілді деген ақпаратқа пікір білдірді. Министр балалардың мектепке оқушы формасымен келуі керек екенін айтты.
Конституция бойынша Қазақстан — зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың мектептегі формасы мен киміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар мектепке оқушы формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Бәрі заң аясында әрі балалар мектепке белгіленген тәртіп бойынша келуі керек,
деді министр.
Ал 2016 жылы қабылданған Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықта «мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» деп жазылған. Сондай-ақ ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап беретіні көрсетілген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…