Оқиға

Атырауда діни кітаптар сатқан әйел жауапқа тартылды

Атырауда полиция діни кітаптар сатқан 30 жастағы тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалында 30 жастағы әйелден діни мазмұндағы 80 кітап тәркіледі.

Полиция әйелдің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.

Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары «Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, діни әдебиетті, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тек діни ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда сатуға рұқсат берілетінін ескертеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago