Categories: Оқиға

Атырауда не болып жатыр?

3 шілдеде Атыраудың көптеген шағын аудандарында біраз уақыт электр жарығы өшіп, ауыз су тоқтады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат себеп болған.

Артынша «Атырау мұнай өңдеу зауытының» бір мұнарасынан шыққан өрт қою қара түтінге ұласып, ауаға тарады. Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі факелдегі өрт электр энергиясының қуатын мәжбүрлі түрде азайтқандықтан болды деп отыр.

«KEGOC» тарапынан электр энергиясының өшірілуі салдарынан зауыт жұмысын тоқтатты» деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

МАЭК Маңғыстау облысын ғана емес, БҚО мен Атырау облысын да ішінара электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Комбинаттағы апаттан Маңғыстау облысы Жылыой ауданында да ішінара жарық сөнгені айтылады.

«Атырау-Жарық» мекемесінің баспасөз қызметі Ақтау қаласының сол жағында толығымен және оң жағындағы Балауса, Ракуш, Лесхоз, Авангард және Нұрсая, Жерұйық сияқты шағын аудандарда апатқа байланысты уақытша электр жарығы болмайтынын мәлімдеді. Кейін біртіндеп үйлерде жарық жана бастағанын тұрғындар хабарлап жатыр. Көшелердегі бағдаршамдар да кезекпен іске қосылды.

Апаттан қаза тапқандар мен жазаланғандар жоқ дейді.

Энергетика министрлігі «Атырау мұнай өңдеу зауытында» жарық сөнуге байланысты жұмысы тоқтағанын, бұл қадам апатты алдын алу үшін жасалғанын айтады.

Ведомство Шымкент пен Павлодар облысындағы мұнай өңдеу зауыттары жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеп, «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы» апаттық жағдай елдегі жанар-жағармай жағдайына кері әсер етпейді дейді.

«Атырау жарық» Атырау қаласында және ауылдық округтерге жарық берілгенін мәлімдеді. «Атырау мұнай өңдеу зауытында» да электр энергиясы қалпына келгені хабарланды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago