Атырауда суға батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарған 8 жасар оқушы марапатталды

Өткен демалыс күні суға батқан жасөспірімдерге алғаш болып көмекке келген Дінмұхаммедтің батыл әрекеті көпшілікті тәнті еткен болатын. 8 жаста болса да өзінен үлкен балаларға көмекке келген Дінмұхаммед Серікұлы Жаңбырбай Атырау қаласындағы №3 мектептің 3-сынып оқушысын бүгін Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев арнайы барып департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады.

Өз елінің ер-азаматы өз елінің патриоты болу керек. Жігіт жеті жасынан танылады дейді. Дінмұхаммедтің қорықпай жасаған қадамы басқа балалардың аман қалуына септігін тигізді. Жарайсың, осындай жігіттің өсіп келе жатқаны мақтаныш. Сендей ұл өсіріп отырған ата-анаңа рақмет! Әрдайым қатарластарыңа үлгі бол. Сенің батырлығыңды еліміздің барлық өңірі, тіпті көршілес елдер көріп таң қалуда. Атырауда осындай батыр бала бар екен деген сөздің өзі бізді марқайтып отыр,

деді Ерлан Биғамбаев.

Дінмұхаммед отбасының ортаншы перзенті, отбасында әпкесі және інісі бар. Ата-анасы ұлдарының ерлік әрекетінің бейнежазбадан көріп таңқалғандарын жасырмады. Сол күні әкесі балаларына өзенге бармау керегін ескерткен, содан болар ол балалардың артынан ілескенімен мұз үстіне шығып ойнауға асықпаған. Бірақ көмек керек балаларға тартынбастан барды.

Мен өмірімді ойламай, қорықпай, достарымды құтқардым. Олар маған рақмет айтты, содан 6 полицей келгенін білемін. Әкем өзенге барма дегесін ұрсама деп ойладым, әкем ұрысқан жоқ,

Дінмұхаммед Жаңбырбай.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago