Оқиға

Атырауда өзін өртеген кісі ауруханада қайтыс болды

17 қаңтар күні Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде өзін өзі өртеген 62 жастағы ер адам облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Туыстарының айтуынша, ол 13 қаңтар күні «әйелімен жанжалдасып өзі тұратын көппәтерлі тұрғын үйдің жанында үстіне бензин шашып, өзін өртеген». Денесін 70 пайыз күйік шалған Доссор тұрғыны Біржан Баетов Атырау облыстық ауруханасына жатқызылды. Кейін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша “өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.

Азаттық радиосының мәліметінше, марқұм өндірісте қолынан жарақат алып, ІІІ топ мүгедегі атанған. Кейін мұзға құлап, аяғынан жарақат алған.

Ол көпбалалы әке, оның артында алты баласы қалды – екі ұл, төрт қыз. 20 және 22 жастағы екі қызы тұрмыста. Кейінгі балалары кәмелетке толмаған – 13, 10, 7, 5 жаста.

16 қаңтар күні марқұмның әйелі Мария Баетова Азаттық тілшісіне күйеуі өзін өртеуге неге барғанын айтып берді. Оның сөзінше, күйеуі өзін қызғанған және тамаққа ақша жеткізе алмаған кезде жиі жанжалдасатын.

“13 қаңтарда коллекторлар қарыз өтемесе, жұмыстан шығарамыз деп қорқытқасын мен Мақат кентіне банкке барып, қарыз ақша сұрауға барғанмын. Күйеуім баруыма қарсы болды. Ол мені ешқайда жібергісі келмейді. Бір жағынан сол ақша жетпестік титықтатып бітті, тамақ-киімімізге, үйге жеткізе алмай жиі ұрысамыз” дейді марқұмның 43 жастағы әйелі.

Жолдасы Біржан Баетов алты айдан соң зейнетке шығуы тиіс еді. Ол біраз жыл біреулердің малын бағып, кейін жұмыссыздар есебінде тұрды. Кейін жұмыспен қамту бөлімі ұсынған уақытша жұмыстар істеді. Былтыр бірнеше ай мектепте аула сыпырды. Ал кейін жергілікті әкімдікте аула сыпырушы болып орналасқан. 20 жастағы қызы Альбина әкесі былтыр қараша-желтоқсанда аула сыпырушы болып істегені үшін екі айдың жалақысын банктегі шоты бұғаттаулы болғасын ала алмай қалғанын айтады. Ол әкесінің өзін өзі өртеуге тек қызғаныш емес, әбден титықтатып біткен тұрмыс тауқыметі де психикасына қатты әсер етті ме деп ойлайды.

Доссор кентінің әкімі Аслан Қосмағамбетов тергеу жүріп жатқандықтан бұл отбасыға қатысты ештеңе айта алмайтынын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

3 часа ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

10 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

11 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago