Атақ және ақша

Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан ұлы бар екенін айтып, бағдарламаға келген

Атыраулық Нұргүл Зиханова “Астарлы ақиқат” бағдарламасында қазақ эстрадасының белгілі әншісі Бейбіт Қорғанмен өте жақын қарым-қатынаста болғанын және одан ұлы бар екенін айтқан.

Айтуынша, осыдан бес жыл бұрын әншімен Атырау қаласындағы караоке-барда танысқан. 

2018 жылы қараша айында Атыраудағы караокеде достарымызбен жиналдық. Екінші қабатта отырғанбыз, Бейбіт бірінші қабатта болды. Құрбым ол кісімен нөмер алмасқанын айтты. Кейін басқа кафеге тамақтануға шығып кеттік. Сол жерде құрбым: “Бейбіт Қорған қонақүйге шақырып жатыр” деді. Танымал әнші болғасын және әндерін жақсы көргендіктен құрбыммен еріп баруға келісімімді бердім. Ол кезде сағат таңғы 5-6-ның шамасы болатын. Мен ол кезде сөйлеспедім. Тек екеуінің әңгімесін тыңдап отырдым. Олар ішімдік ішіп отырды, мен екі рет сыра ғана іштім,  

деп еске алады сол күнді Нұргүл.

Кейін құрбысы мен Бейбіт Қорған сөзге келіп, құрбысы ашуланып кетіп қалған. Соңында қонақүйдегі ішіп-жегеннің есебін әнші өзі төлеген көрінеді. 

Бір ай өткеннен кейін Бейбіт жаңажылдық кешке ән айтуға келді. Сол кезде мені қаладағы “Қазақстан” қонақүйіне шақырды. Достарымен отыр екен мені “қарындасым” деп сол жердегілерге таныстырды. Менде бірден төсекке секіру ой болған жоқ. Телефон нөмерімізді алмастырып, бірнеше рет кездестік,

дейді Нұргүл.

Айтуынша, әншінің заңды әйелі мен балалары барын білген. 

Атыраудың тумасы болғаннан кейін, өмірі де өнері де жақсы таныс. Отбасылы адам екенін де білдім. Жақындасу кезінде де өз еркіммен берілген жоқпын. Нөмеріне барудағы мақсатым – тек әңгіме айтып, танысу. Маған мінезі қатты, бірбеткей еркектер ұнайтын. Бейбіт те көңілімнен шықты. Өзім де ұнаттым,

деп шынын айтты.

Нұргүл Зиханованың негізгі мамандығы – аспаз. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Кейін фотограф болып жұмыс істеген. Әйел әншіге жүкті екенін айтқан, ол «өзің біл» деп жауап берген. Әйелдің айтуынша, баланың денсаулығында ақау бар. Ол «балаға жәрдем берсе екен, өзіме ештеңе керек емес», – дейді.

Жүкті екенімді айттым, бірақ ол «алдырып таста, менікі емес” деп айтқан жоқ. Бұзылған телефонымда екеуара сөйлескен хаттарымыз болатын. “Тыныш жүр. Ешкім біліп қоймасын” деп жазған еді. Ұлым Әлиханның туабітті бүйрегі дұрыс істемейді. Баланың диагнозын бәрін жібердім. Бірақ ол көп хабарласа берме деді,

дейді Нұргүл.

Әнші бағдарлама журналистеріне жауап берді. Оның айтуынша, ол әйелді де, баланы да танымайды. 

Ондай адамды танымаймын. Екінің бірі солай айтты деп, жүгіріп ДНҚ сараптамасын тапсырмаймын. Сіздер де жөнсіз менің мазамды ала бермеңіздер,

деді өнер иесі тұтқаның ар жағынан.

Бағдарлама ұжымы істің ақ-қарасын ажырататын айтты. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago