Ауғанстанда тәліптер әйелдер полиция бөлімшесін құрды

Қызметке билікке тәліптер келгенге дейін жұмыс істеген әйелдер тартылды. 100-ге жуық әйел оқудан өтіп жатыр. Бұл туралы «Азаттық» радиосының ауған қызметі хабарлады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, тәліптер мұны әйелдердің наразылығын, елдегі митингіні басу үшін жасап отыр.

Билік әзірге полицей әйелдердің міндеттерін айтпады, бірақ әйелдер ауған полициясы шерулерді тарату кезінде қолданатын қалқандармен және дулығалармен жабдықталған.

Тәліптер билікке келгеннен кейін әйелдердің құқығын сақтауға уәде берді, бірақ көп ұзамай шектеулер қоя бастады. Олар 20 жыл бұрынғы әйелдер істері министрлігін жойды, қыздардың мектепте білім алуына шектеу қойды, әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салды, тележүргізушілерге хиджаб киюге міндеттеді. Мамырда тәліптер әйелдерге орынсыз көшеге шықпауды және көпшілік алдында беттерін паранжамен жабуды бұйырған болатын.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago