Categories: Қоғам

«Ауданның «Дорожник» атауын қайтарыңдар!». Ақсақал әкімге шүйлікті

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен жүздесті.

Жергілікті халықпен кездесуде егде тартқан тұрғынның бірі Көкмайса ықшам ауданына бұрынғы “Дорожник” атауын қайтаруды сұрады. Сөзінше бұл атау Кеңес Одағы тұсында министр болған Леонид Гончаровты еске салады екен. 

“Дорожник” деген атауды қандай себеппен Көкмайса деп ауыстырғанын түсінбеймін. Мұның бізге қандай қатысы бар? Дорожник ықшам ауданы Кеңес Одағы тұсында дүркіреп тұрған орталықтың бірі еді. Бірақ ашкөздер біздің министр Леонид Гончаровты Брежневке шағымдану арқылы кетірмек болды. Содан да болар бұл атау министрді бізге еске салады,

деді тұрғын.

Дей тұрғанымен әкім қарт кісінің аяқасты қойылған ұсынысын қабылдамайтынын айтты. Тіпті әлгі тұрғын сөзіне қол соққан өзге азаматтарға да бұл мүмкін емес екенін естеріне салды. 

Ұсынысыңызды тыңдадым. Мұнда қол шапалақтаған азаматтарға қарап Кеңес Одағын аңсайтынын түсіндім. Бірақ мұнымен мен келісе алмаймын. Жақсы болсын, жаман болсын бір-бірімізге құрметпен қарайық. Мұнда кімдердің қол соғып отырғандарын да анық байқадым,

деп түйіндеді Досаев жауабын.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago