Categories: Қоғам

Ауыл үйлерінің 14%-да домбыра бар

2022 жылы ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросы қазақстандық үй шаруашылықтары арасында музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілуі бойынша сауалнама жүргізді. Нәтижесінде отбасылардың 9,4%-да домбыра, 4,5%-да гитара, 1%-да пернетақталы аспап, тағы 0,8%-да басқа да музыкалық аспап бар екені анықталды.

Қалалық жерлерде үй шаруашылығының 7%-да домбыра, 4,3%-да гитара, 1%-да пернетақталы аспап болса, ауылдық жерде отбасылардың 14,3%-да домбыра, 4,8%-да гитара, 1%-да пернетақталы аспап бар.

Демек, ауыл мен қаланың музыкалық аспаппен қамтылуында айырмашылық тек домбырада ғана байқалады.

Анықтама үшін: былтыр үй шаруашылықтарының 10,2%-да домбыра, 4,9%-да гитара, 1,3%-да пернетақталы аспап, 1,1%-да басқа аспаптар болған.

Өңірлер бойынша домбыра Алматы облысы халқында көп кездеседі: үй шаруашылығының 17,5%-да домбыра бар. Екінші және үшінші орында Маңғыстау және Түркістан облыстары — тиісінше үй шаруашылықтарының 17,2%-ы және 14,5%-ы. Ең аз көрсеткіштер Абай өңірінде: мұнда тек 2,2% отбасында ғана домбыра бар.

Гитара Маңғыстау (10,3%), Қостанай (6,4%) облыстары және Алматы қаласы (5,9%) отбасыларында жиі кездеседі. Ең аз түркістандық отбасыларда: небәрі 0,6%.

Пернетақталы музыкалық аспаптар ең көп Қарағанды (үй шаруашылықтарының 2%-ы), Қостанай (1,8%) және Ақмола (1,8%) облыстарында, ал ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында (0,2%) байқалады.

Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, домбыра мен гитара бір жылда 12,7% қымбаттаған. Өңірлер бойынша ішекті аспаптар ең көп 43,6% Батыс Қазақстан облысында, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы мен Астанада қымбаттады. Ең аз қымбаттаған өңір Ұлытау және Қарағанды облыстарыа — әр облыста 1,4%.

Ал музыка сабағы бір жылда 8,6% қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 92%. Одан кейін Қызылорда (27,4%) және Солтүстік Қазақстан (22,4%) облыстарында. 20 өңірдің 7-де баға былтырғы деңгейде қалды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago