Categories: Оқиға

Ауылда найзағайдан бір үйір жылқы қырылды

Жамбыл облысында 27 бас жылқы найзағайдан қырылып қалды. Оқыс оқиға Рысқұлов ауданында болған.

Жылқылардың жай отынан жаппай сұлауына бір жерде тұрып қалуы себеп болған сыңайлы. Олар нөсер кезінде сай ішіне ықтап кеткен. Ал малынан айырылғандар шығынын кімнен өндірерін білмей дал.

Аудан әкімдігі төтенше жағдай жарияланған жағдайда немесе жаппай ауру тараған кезде ғана өтемақы төленетінін айтады.

Үйді залогқа қойып, несиеге мал алған едім. Ойда-жоқта осындай оқиға болды. 5 миллион теңгеге шығынға ұшырап отырмын,

дейді Тереңөзек ауылының тұрғыны Нұрболат Мырзақұлов.

Әзірге әкімдік тау ішінде жатқан жылқыларды залалсыздандырумен айналысып жатыр.

Комиссия құрылған. Комиссия құрамына құзырлы органдар мен заңгер мамандар енгізіліп отыр. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында,

деді Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago