«Әулетпен қоштасып шықтым»: Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасуы туралы

Қалың көпшілікке “Шаншар”, “Алдараспан” театры арқылы танылған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желідегі парақшасына қызы Аянаттың суретін жариялаған актриса: “Алланың тек маған берген сыйы. Папасы қыз болады дегенде, “неге ұл емес?” деп ренжіп еді.  Осы қыз үшін өмір сүріп жүрген жанмын. “Неге үнемі екеуіңіз ғана жүресіздер?” деген жандарға жауап беретін күн келген сияқты,

деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Актриса марқұм ата-енесін еске алып, күйеуінің туыстарымен қоштасқанын жасырмай айтты. 

“Бала кезімде нағашы атама “аспандағы жұлдызды әперші” дейді екенмін. Марқұм атамның әперіп, маңдайыма таққан жұлдызы, Алланың қалауымен, шүкір, жанды. Оны өшіруге ешкімнің хақысы жоқ. Апам менкелін болып түскенде басыма орамал салып еді. Жақсы жан. Апа, жүз жасаңыз. Алдына барып, сыйымды жасап, мүмкін байқамай ренжіткен жерім болса, ренжімеңіз деп кешірім сұрап, батасын алып, әулетпен қоштасым шықтым. 8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым. Атам марқұм батасын беріп, “ризамын” деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бірң өз орнымен жүретін. Қазір бәрі басқаша.Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасын о баста берген”, – дейді актриса.

Соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүрген Жұлдызай Дүйсенбиева дүниеге Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын айтты.

Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы азамат, жақсы әке. Бірақ бұл өмір жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім, Алла ғұмыр берсін. Сондықтан әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де,

деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін актриса денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Қыз-келіншектер, “Ойбай, ата-енем, күйеуім” деп шапқылай бермей, өздеріңізді күтіңіздер. Ауырсаңыз ешкімге керек емессіздер. Бүгін дәрігер қабылдауында болдым. Жағдай мәз емес. Дегенмен үміт бар. “Ашуланбаңыз, сізге болмайды” дейді. Мені ашуландырып жатқандар, сендердің кесірлерің тиіп кетіп жүрмесін. Маған әлі өмір керек. Аянатым үшін, Алла шипа берші,

деп ағынан жарылды актриса.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago