«Ауыр қылмыс жасағандай»: Төреғали Төреәлінің адвокаты әншінің құқығы бұзылғанын мәлімдеді

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлер өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген пікірде, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.

Тілеужан Кішкенбаевтың айтуынша, олар әншіні ұстау кезінде қатал әрекете етіп, әншінің құқығын бұзды.

Ол аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты 20 полицей келді,

деп ашуланды Тілеужан Кішкенебаев.

Желіде әншінің ұсталғаннан кейін медициналық сараптама жасау кезінде адвокат пен полиция арасындағы жанжалдың видеосы тарады.

Видеода полиция қызметкері адвокатқа әншінің есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, өзіне ғана емес айналасындағыларға да қауіп төндірігенін айтты.

Біз заң аясында жұмыс істедік,

деді полиция қызметкері.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал әнші Алматы көшесінде көлікпен келе жатқанда ұсталған. Төреғали Төреәлі полицияға қарсылық танытып, оны көліктен шығару үшін күш қолдануға тура келді.

Артынша медициналық сараптама оның есіртікі мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады. Сот оны 20 тәулікке қамау және 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago