Шымкент қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. Ауыр жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан жеткіншек қызды таптап өткен. Қапияда көліктің астына түскен қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Қолда бар мәліметтер бойынша, оқыс жол-көлік оқиғасы 10 наурызда Шымкент қаласы, Қазиев көшесінде болған. Жүк көлігінің астына түскен жан — 12 жасар оқушы қыз. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Құдай оңдап, жеткіншек аман қалған. Дегенмен бойындағы көптеген ауыр дене жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды otyrar.tv.
Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Екі аяғының балтыр сүйектері сынған. Бас миының шайқалуының ауыр түрі тіркелді. Сонымен қатар бұлшық еттерінің езілу диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Ауырлығы баланың жарақаттарына байланысты. Орталық жүйке жүйесіне зақым келген, есеңгіреп қалған.
Жолдан өтемін деп ауыр жарақат алған жеткіншек мамандардың жіті бақылауында болады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…
Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…
Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…
2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…