Қоғам

«Ауытқуы болды». Екі баласын өлтірген әйел студент кезінде ауырған

7 ақпанда 3 және 5 жасар екі баласын жалдамалы пәтерге апарып, жастықпен тұншықтырып, оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы келіншек туралы тың деректер айтылды.

Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды.

Күдікті әйел Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Оқу орнын бітіргеннен кейін 10 жылға жуық мектеп-лицейде ұстаз болған.

Оның көршілері бұрын молдаға қаратқанын, қазақы ем жасатқанын алға тартады.

Студент кезде ауырып, молдаларға апарған. Содан кейін жақсы боп кеткенімен, алдыңғы жылы қайтадан дерті асқынған екен. Ұйықтап жатып бір жаққа кетіп қап, кейін тауып алып келіпті дегенді естідік,  

дейді келіншек туған ауылдың тұрғындары.

Ол сұмдық оқиға болған күні, жұмыстан келіп, сағат үштерде балаларды бақшадан алып кеткен. Күйеуімен ешқандай ұрыс орын алмаған. Көршілерінің бірі құрбысына жазып, «мені алып кетіңдерші» деп орналасқан жерін жібергенін айтады. Құрбысы келіншектің күйеуіне хабар беріп, үш адам болып сол жаққа барған. Сол кезде сұмдық оқиға болғанын білген.

Күдіктінің Ләйла есімді туысы оның бұрыннан ауытқуы бар екенін, кішірек кезінде бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Ал қайын інісі жұбайлар арасында мүлдем ұрыс-керіс болмаған дейді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago