Categories: Экономика

Ауыз су мен минералды су бір жылда 29% қымбаттады

2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша бір жылда ауыз су 25,8 %, ал минералды су 31,4% қымбаттаған, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Қазақстан Республикасы өңірлерінің ішінде минералды су бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (66,4%-ға), одан кейін Қызылорда (49,5%-ға) және Батыс Қазақстан (48,1%-ға) облыстарында байқалды. 

Бағаның ең аз өсуі Ұлытау облысында (8,3%-ға), Шымкентте (11,4%-ға) және Түркістан облысында (18,5%-ға) байқалды.

Бір жылда ауыз су 25,8 пайызға қымбаттады. Ең көп баға өсімі Ақмола және Абай облыстарында тіркелді: сәйкесінше 43% және 42,6%.

Ауыз су құнының айтарлықтай өсуі Қостанай облысында да байқалды: 31,5%-ға. Бағаның ең аз өсуі Түркістан (10,9%-ға), Батыс Қазақстан (15,1%) және Павлодар (15,2%-ға) облыстарында байқалды.

Алкогольсіз сусындар ішінде газсыз сусындар да қымбаттады: бір жылда 34,7%. Өңірлік тұрғыда Батыс Қазақстан облысында газсыз сусындар бір жылда бірден 85,3%-ға өсті, одан кейін Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында (тиісінше 51,9%-ға және 47,7%-ға) өсті.

Саладағы ең аз баға өсімі Жамбыл (14,5%-ға), Ақтөбе (23,6%-ға), сондай-ақ Павлодар және Маңғыстау (әр өңірде 24,6%-ға) облыстарында тіркелді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago