Аватарға ескерткіш ашылды ма десем, Ақселеу деп жазылып тұр – Нурадин Ракай

Журналист Нурадин Ракай өзінің әлеуметтік желісінде Ақселеу Сейдімбектің құрметіне ашылған Ұлытаудағы жаңа ескерткіштің ұсқынына қатысты пікір білдірді.

Ескерткіштің мүлдем ұқсатылмай, мазақ еткендей салынғаны көпшіліктің ашуына тиді.

Аватарға ескерткіш ашылды ма десем. Ақселеу деп жазылып тұр. Әшейінде мақұлдауы қиын министрлік мынаған қалай рұқсат берген? Мынаның қасында Меркіде Кенесары ханға қойылған ескерткіш мың есе дұрыс еді. Ойбай, ұят деді, анау деді мынау деді. Қырғызға көршілес ауданға қою саяси қателік деді. Әйтеуір алдыртып тастап еді. Мына Аватарды алып тастау керек. Тізесі бір қарыс, ана қолындағы таяққа сүйенсе тоңқалаң асады ғой. Мынаны жасаған, қабылдаған, мақұлдаған, ұялмай ашқан жауаптыларды бір- бір ауыздан боқтап кетейік. Қатысы барлар дәм ауыз татсын,

деп жазды Нурадин Ракай.

Жұртшылық та жазушы, әдебиет зерттеушісі, этнограф Ақселеу Сейдімбекке қойылған ескерткіштің көркемдік жағы сын көтермейтінін айтып шулады. Желі қолданушылары «таяғы тізесінен келеді», «аяғын жеп қойыпты», «Ұят екен, мазақ қой» деген сияқты пікірлерін жазды.

©facebook.com/esbolat.kz

Қоғам әкімдіктен немесе жауаптылардан жауап күткен еді. Әрине, бұл әрекет үшін сұрау болатыны рас. Ұлытау облысының әкімдігі ескерткіш бюджеттің есебінен емес, толығымен демеушілер қаржысына тұрғызылғанын және оған облыстық әкімдік араласпағанын айтып ақталғандай болды.

Біріншіден, ескерткіш не облыстық, не республикалық комиссияның қарауынан өткен жоқ! Яғни, бірде-бір құзырлы мемлекеттік орган оны мақұлдаған жоқ. Дегенмен, эскизі ауызша түрде аудан әкімімен келісілген болатын. Екіншіден, ескерткішті жасап, орнатуға бюджеттен бір теңге де жұмсалмаған. Толығымын демеушілердің қаржысына істелген. Үшіншіден, және ең бастысы, ескерткішті жасауға тапсырысты Ақселеу ақсақалдың туған-туыстары жасады. Облыс әкімдігі бұған араласқан жоқ,

деп ақталды әкім орынбасары Ғалымжан Құсманғали.

Халық шу шығарған соң, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ескерткішті кері қайтарып, орнына басқасын орнатамыз деп уәдесін берді.  Ақселеу Сланұлының ескерткіші олардың да көңілінен шықпапты. Енді талапқа сай, тұлғаның бейнесіне сәйкес келетін ексерткіш қою үшін тиісті шаралар қабылдаймыз деді Юржан Бекқожин.

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдалы би ауылында туған. Ақселеу Сейдімбектің туған жері Жаңаарқада 80 жылдығы аталып өтті. Оған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы келіп, ескерткішті ашқан еді.

Ақселеу Сейдімбек отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шет тілдеріне аударылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago