Экономика

Автогаз бағасы бензинмен теңестірілуі мүмкін

Қазақстанда автогаз бағасы бензинмен теңестірілуі мүмкін. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің болжамы осыған саяды.

Оның айтуынша, елімізде сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі соңғы екі жылда күрт өскен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Техникалық байқау станцияларында көлігін газға ауыстыруға ниеттенгендер нөпірі де толастар емес.  Министр қазақстандықтар көлігін сұйытылған газбен жүргізуді жалғастыра берсе, қосымша көгілдір отын қорын басқа елден іздеуге мәжбүр боламыз дейді.

Сәйкесінше, сұранысқа сай автогаз бағасы да еселеп қымбаттайды. Жауапты сала өкілдері автомобильді әуесқой тәсілмен газ жағатын етіп жабдықтауды қолға алған орталықтардың жұмысын жіті тексереміз деп отыр.

Мұндай қарқынмен келешекте газ өңдеу қуатының әлеуеті қысқа мерзімдегі қажеттіліктерге де жетпей қалуы мүмкін. Тіпті сұйытылған мұнай газын шет елден әкелуге мәжбүр боламыз. Ол кезде баға мүлде басқаша болады. Тіпті бензин бағасымен салыстыратындай деңгейге шығуы да ықтимал,

деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago