Қазақстандағы адамдар неге ескілеу, оң рөлді болса да, жапониялық автокөліктерді таңдайды? Шетелдік нөмірлі болса да, тіркеуде жоқ, құжаттары қисық болса да?
Өйткені басқа амалы жоқ! Біздің мемлекет ескілеу, бірақ өте сапалы автокөлікті тіркеуге қоюға мүмкіндік бермей қойған.
«Елге автохлам кіргізіп жатырсыңдар», деп шулайды бәз-біреу. Жапониялық көліктер автохлам емес. Автохлам деген – қазір автосалондарда сатылып тұрған жаңа көліктер. Катализаторының орнына картридж салынған. Өзі қаңылтырдан жасалған. Қарға батып қалғанда артынан итерсең багажнигі майысып қалатын. «Бес жылдан кейін бұзылып қалсын» деген бата алған. Сондай жаңа көліктерді бізге кредитке, удай бағаға сатып жатыр!
Кредитін жауып бітем дегенше, сіз сатып алған Chevrolet Cobalt тозып, шіріп бітеді. Дөңгелегі түсіп қалады.
Мына мемлекет неге өз халқын сапасыз көлікке мінгізгісі келеді?
Мысалы, Грузияда кез-келген азамат кез-келген елден қалаған автокөлігін кіргізе алады екен. Бар-жоғы 100 доллардай ғана төлем жасап. Ал Қазақстанға басқа елден көлік әкеп, оны тіркеп, міну үшін сол көліктің құнындай ақша төлеуің керек.
Жапониялық оң рөлді мәшинелер – көліктің төресі. Теуіп көргендер біледі. Ондай көліктердің қауіпсіздік санаты өте жоғары келеді. Олар – Жапониядан Владивостокқа кемемен жүзіп келіп, кейін Қазақстан асқан көліктер. Біздің халық сондай көлігін тіркеуге қойғысы келді. Бірақ ондай мүмкіндікті мемлекет бермеген соң, жалған нөмер, «шанақ ауыстыру» деген желеумен әйтеуір тіркеуге қоюдың жолын тапты. Мемлекеттің өзі заңсыздыққа жол ашып берді. Елге кіргізген мемлекеттің өзі еді.
Қайдағы ішкі нарықты қорғау? Қазақстанның өзі шығаратын бренді жоқ. Біз автокөлік өндірмейміз, біздікі тек сырттан дайын келген көлікке дөңгелегін тағып қою ғой?
Қазақстанда салдыр-гүлдір ететін, 2007 жылғы жаман Газельдің бағасы Еуропадағы 2017 жылғы Sprinter Mercedes-пен бірдей! Әй, Mercedes қайда, Газель қайда?
Мемлекет халықтың қамын ойлауы керек. Оның заңдары ең бірінші халықтың ыңғайы мен қалауын ескеруі тиіс. Өз азаматтарын қолдап, көмектесуі керек қой? Қайдан, қандай көлік сатып алғысы келсе де, кедергі жасамауы керек еді…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…