Автокөлікті заңсыз тіркегендерге тықыр таянады

Ішкі істер министрлігі құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасайтын полиция қызметкерлерін анықтау шараларын қабылдауда. Дәлірек айтқанда, ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті еліміздің 7 өңірінде жақын шет елдерден әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеуде.

Ведомствода атап өткендей, соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік құралы заңсыз тіркелген, мемлекетке келтірілген залал 10 млрд теңгеден асты.

Жуырда ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері Шымкент қаласындағы жақын шетелдерден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті. Қалалық полиция департаментінің Процессинг орталығының екі қызметкері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Шымкентте қазақстандық есепке заңсыз қойылған 53 автокөлік бойынша мемлекетке 320 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Қылмыстық топқа процессингтік орталық қызметкерлеріне жақын делдалдар, сондай-ақ ХҚКО-дағы «көмекшілер» деп аталатындар және жалған сенімхаттар жазып берген нотариустар кірген. Қылмыстық схемаға қатысушылардың қылмыстық қудалау орбитасындағы рөлі мен орны тергеу шаралары барысында анықталады,

делінеді ІІМ хабарламасында.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago