Маңызды

Аягөзде трагедия: Газ баллоны жарылып, бір үйден 4 бала көз жұмды

Трагедия тура 25 қазан, Республика күні таң атпай болды. Бірақ, мұны Аягөз Ауданының Әкімдігі неліктен жасыруға тырысқаны түсініксіз? 4 баланың өлімі жайлы жазған жергілікті блогерлерді қудалап, жазбасын өшіртуін қалай түсінеміз?

Газ баллоны жарылып, бір үйдің төрт баласы қаза болды. Баланың үлкені 8 жаста, кішісі енді тәй-тәй басқан.

Тағы да төрт бала. Тағы да сол АСП. АСП туралы заңды қайта қарау керек! Көпбалалы отбасы өлер-өлмес күн көру керек пе?

Бұл отбасын жақсы білетін Аягөздік оқырмандардың айтуынша, балалардың әкесі жүргізуші, анасы жұмыссыз. Аудандық басшылар табысың көп деп мемлекеттен алып отырған АӘК кесіп тастапты.

Қайран шеше 4 балаға нәпақа болсын деп сүт сатуға үйден шығып кеткен екен. Базарға жүгіріп барып келгенде құлыншақтарының орнын сипап қалды.

Ананың декреттік уақытын балаға көңіл бөлу орнына нан табуға жүгіртіп қойған қу жоқшылық-ай.

Бәлкім енді бұл отбасына табиғи газбен жылитын үй берілетін шығар?

Бірақ, 4 періштенің әке-шешесін ешкім және ештеңе жылыта да, жұбата да алмайды-ау.

4 періштенің жаназасы бүгін, Аягөз орталық мешітінде өтеді.

Аягөздегі оқиға бойынша соңғы деректер:

Бір күнде төрт баласынан айырылған әке-шешесі ессіз, талып жатыр. Әкесі Аягөздегі «Қазығұл» жекеменшік ауруханасында жедел жәрдем көлігінде жүргізуші болып қызмет істейді. Алатын айлығы 120 мың теңге.

Шешесі жұмыссыз. 2019 жылы 1-2 квартал ғана АСП алған. Сосын қолдарыңда мал бар деп, АСП дан «өз еркіммен бас тартамын» деп жазғызып алған. 2019 жылдан бері АСП алмайды. АСП алмайтын себепті шешесі сиыр сауып, базарға сүтін сатып отырған. Төрт баланың біреуі мүгедек болыпты деп жатыр. Ақпарат нақтылауды қажет етеді.

АСП-ны қолыңда малың болса ала алмайсың деген жерін алып тастау керек. Қазір малдың жем-шөбі өзінің құнынан да асып кетеді. Одан келетін қандай кірісті көріп отыр?

деп жазды Оңғар Қабден.

Тауықтың жұмыртқасынан кіріс санап жүрген біздің Үкіметте сол тауық құрлы ми жоқ!

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago