Аяз ата – «дед мороз» көшірмесі ме, әлде керісінше ме?

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды…

Осы бір өлең жолдарын оқи отырып, көз алдыңа ерекше таныс суреттің сұлбасы келгендей болады. Абай суреттеп отырған ақсақалды адамымыз ой елегінен өткізіп, қай қырынан зерттей, зерделеп қарасақ та, өзімізге көптен таныс Аяз Ата болып шыға келеді. Біздің түсінігімізбен айтсақ Аяз Ата кім өзі? Оның арғы түбі қайдан шыққан? Атын атап, түсін түстемесе де, «Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, басқан жері сықырлап» тұратын оның дәл тұрпатын Абай қайдан алған? Бұл сұрақтарға жауап табу қиынның қиыны. Абай кереметі де, міне, сонда жатыр. Біздің қазақ ұғымындағы Аяз Ата орыстың Дед Морозының тура көшірмесі, яғни орыс ұлтынан ауысып енген балама ұғым.

Дед Мороз дегеніміз – орыс ауыз әдебиетінің ертегілік кейіпкері. Ескі славян мифологиясында ол қыстың сарышұнақ аязы, суды мұзға айналдырып құрсап тастайтын тылсым құдірет ретінде бейнеленеді. Орыста Әулие Николай деген есім жиі кездеседі. Аяз Атаның жиынтық бейнесінің өзі сол Әулие Николайдың ғұмырнамасына байланысты туған деседі. Дед Мороз (Аяз Ата) ең басында пұтқа табынатындардың жауыз да қатыгез тәңірі болған делінеді. Солтүстіктің үскірік аязы мен боранын жіберіп, бүкіл айналаны қатырып тастайтын жауыз шал ретінде көрініс береді. Оның бұл мінезі орыстың ұлы ақыны Н.Некрасовтың «Мороз, Красный нос» атты поэмасында кеңінен суреттелген. Онда Мороз (Аяз) орман ішінде кедей шаруаның жесір келіншегін азаптап өлтіріп, әйелдің кішкентай балаларын жетім етеді. Одан арғысы өзінен-өзі түсінікті. Сөйтіп, Н.Некрасовтың Морозы ешбір рақымшылықты білмейтін, көрмейтін бір соқыр, мылқау дүлей күш ретінде бейнеленеді. Абай суреттейтін «тірі жанды танымас соқыр, мылқаудың» нақ өзі емес пе? Тарихқа көз жүгіртсек, орыс мифологиясының Дед Морозы да, Н.Некрасов жырлаған «Мороз, Красный нос» та бір көрпенің астынан шыққан ұқсас бейнелер.

Басқа пікірлерге сүйенсек, Санта Клаус пен Аяз Атаны атаулары бөлек болғанымен заты бір қаһарман деп ойлайды. Бұл мүлде дұрыс емес. Аяз Ата – ежелгі рух, қыстың, аяз бен ызғырықтың билеушісі. Оны кейде Трескун, Позвизд, Карачун деп те атайтын болған. Ал Санта Клаус – V ғасырда Грецияда өмір сүрген Николайдың прототипі болып табылатын ойдан шығарылған кейіпкер. Нақтырақ айтқанда, “Святой” сөзі ағылшын тілінде — “Saint”, яғни Сент, Сант, Санта деген сөздерді білдірген. Ал, Николай сөзі — “Nicolaus” сөзінен аударылып алынған. Нәтижесінде, Saint Nicolaus сөзі Saint Claus немесе Santa Clause деп қолданысқа еніп кеткен.

Аяз Атаның кім екендігін түсіну үшін Қыдыр атаны есіңізге түсірсеңіз жетіп жатыр. Сыйлық беру дәстүрі бұрыннан пайда болған. Бұл дәстүрдің бастауын белгілі бір Николай қалаған деп санайды. Оның отбасы дәулетті болған. Ол кедей адамдарға түсіністікпен қарап, оларға көмектесті. Жақсы және риясыз әрекеттері үшін ол канонизацияланып, қасиетті адамдардың алдында көтерілді. Қазір оның құрметіне бөлек күн бар.

Аңыз бойынша, Николай кедей адамның ауыр өмір туралы сөйлескенін естіген, ол қыздарын асырай алмайтынын, сондықтан олардан бас тартуға мәжбүр болатынын айтады. Олардың кедейлігінен шығудың жолы болмады. Содан кейін Николай үйге тыныш кіруге шешім қабылдап, тиын салып отыруды әдетке айналдырған.

Николай кедей қыздарға әмиян лақтырып жатыр. 1587 жыл. Гравюра

Таңертең қыздар алтынға толған аяқ киімдері мен шұлықтарын көріп, мәз-мейрам болады. Сол кезден бастап балаларға арналған сыйлықтарды шұлыққа жасырып, шыршаға тәттілерді іліп қою әдеті пайда болды. Бұрын оларды Николайдың сыйлықтары деп атаған. Сондай-ақ, мұндай «николайчики» жастықтардың астында жасырылған.

Санта Клаустың қолындағы дорба бастапқыда, кішкентай балаларды ұрлап, сол дорбаға салу үшін ұстаған деген әңгімелер де тараған. Ол кішкентай балаларды тәттілермен алдап, сыртқа шығарған уақытта мұзға айналдырып, дорбаға салып, ұрлаған деген аңыздар бар. Бірақ қазіргі уақытта ол дорбаларды сыйлықтар салып, балаларға сыйлайды деген заманауи түсінік қалыптасты. Яғни, ескі және заманауи идеология бір-біріне қарама-қайшы келіп тұр. Аяз ата болсын, Санта Клаус немесе Дед Мороз барлығы бастапқыда зұлым кейіпкерлер ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, олар ертеректе пұттардың қатарында, яғни пұтқа табынушылардың құдайлары болған.

Орыс жұртында «Морозко» деген сөз алғаш рет 1886 жылы айтыла бастаған екен. Ал 1917 жылғы төңкерістен кейін большевиктер Рождествоға байланысты дәстүр атаулының бәрін тыйып тастағаны белгілі. Кейін 1935 жылғы 28-желтоқсанда КСРО Орталық Атқару Комитетінің Президиум мүшесі Павел Постышев «Правда» газетіне мақала жазып шығарғаннан кейін ғана бұл әуелі балалар мерекесі ретінде, артынша бүкіл кеңес елі бойынша жаңа жыл тойы болып аталатын дәстүрге айналыпты. 

Ал бізде Аяз ата қашан пайда болды деп ойлайсыз?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago