Categories: Қоғам

Қазаққа маргинал деген сөзге ренжудің қажеті жоқ

«Шынымен де қазақ халқының 90 пайыздан астамы маргинал», деп жазады желіде әлеуметтанушы Талғат Жақиянов.

Оның пікірінше, маргиналдық (межелік, шекаралық) жағдай бірнеше қырынан байқалады:

1) Қазақ ауыл мен қала аралығында қалған маргинал. 90-жылдары ауылдан қалаға үдере көшті («жабайы» урбанизация). Ауылда жұмыс болмады. Қарттары ауылда қалды. Қалаға келген отбасылар пәтер жалдады, саяжайды мекендеді, қаланың шалғай шетінен қолында барымен үй салды, ипотекаға байланды.

Ауылда қалған туыстарына жалтақтап, тапқан-таянғанының жартысын ауылға жіберді…

Бұл жағдай әлі де сақталуда. Осылайша қалаға келген қазақ әлі толық қалалық болған жоқ. Ауыл мен қала аралығындағы маргинал.

2) Қазақ «жалған» демократия мен шынайы демократия аралығында иллюзиямен өмір сүріп жатқан, өз қоғамын өзі билеуге қол жеткізбеген саяси маргинал.

3) Қазақ халқы жабайы капитализм мен «әлеуметтік мемлекет» дилеммасы аясында кедейлік пен қағаз жүзінде анықталған «орта тап» аралығындағы маргинал.

4) Қазақ қоғамы ұлттық идеология болмағандықтан, түрлі (діни, саяси, ұлшылдық, т.б.) идеологиялар мен құндылықтардың аралығында мәдени-рухани айқындығы жоқ жағдайда отырған маргинал.

Сондықтан маргинал деген сөзге ренжудің қажеті жоқ. Халықты осындай маргинал жағдайға түсірген 30 жыл басқарған жүйеге ренжу керек.

Ендігі аралықта қоғамды межелік (маргиналдық) жағдайдан шығару үшін барлық салада күрделі, сапалы әрі шұғыл реформалар жүргізу қажет. Болмаса, оның салдары жүйелі түрде қайталанып отыратын "қаралы қаңтарлар" болмақ, дейді ол.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

31 минута ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago