Categories: Саясат

Қазаққа әзірге демократиядан аспандағы Ай жақын

19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына байланысты картина қандай боп тұр? Оны жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы жақсылап түсіндіріп берген екен.

Бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 29 орынға елімізде 609 үміткер ұсынылған. Орташа есеппен бір орынға 21 адамнан келіп тұр.

Мұның ішінде кімдер жоқ дейсіз?! Әнші де, асаба да, спортшы да, кәсіпкер де, ауыл шаруашылық маманы да, саудагер де, журналист те, ғалым да, шенеунік те осында! Өзінің қал-қадеріне, шама-шарқына, «артына», яғни саяси салмағына қарамай тай-жабағысына міне шауып жүргендер.

Әркім өзінше «Нар тәуекел!»

Ұлт тағдыры кешегідей көкпарға түскенде үнсіз бұғып қалғандар неғып «нар тәуекелден» садаға кетпейді? Қазақша айтқанда көпшілігінікі әншейін,

«Апа, мен де тойға барамның» кері.

Әйтпесе Қазақстан үшін демократиядан гөрі аспандағы Ай жақын екенін жұрттың бәрі біледі. Мәжіліс шешім қабылдау үшін оған көпшілік дауыс, тең жартысынан астамы яғни 98 депутаттың 50-і дауыс берсе жеткілікті, шешім қабылдана береді. Сайлауға түсіп жатқан жеті партия түгелге жуық арнайы жоба екенін ескерсек, 69 депутат кімнің сойылын соғары бесенеден белгілі. Бір мандаттық округтерден сайланған 29 депутат түгел патетикалық тұрғыдан алғанда оппозиция өкілдері десек те, көпшілік дауысқа ие бола алмайды. Олардың қолдаған заң жобалары бәрібір өтпейді.

Сайлау деген саяси ойын

Жекелеген партиялар, айталық, «Amanat» партиясы партиялық тізім бойынша – 90 адам, бір мандатты округ бойынша да 29 адам ұсынып отыр. Бәрін «нұр-отандықтар» сыпырып кетсе таң қалмаймын. Шындығына келгенде өзін өзі ұсынғандар арасынан еш партияға жатпайтын 5-10 депутат шықса соның өзі – жетістік. Бірақ олар да өз жағдайын түзеткеннен басқа қоғам дамуына айтарлықтай өзгерістер жасай алмайды.

Сайлау дегеніміз режимнің әйтеуір электоратты бір дүрліктіріп алатын саяси ойыны. Парламент елде саяси бетбұрыс жасай алмайды. Біздің бағыт ұлттық мемлекет құру бағыты еді. Әдетте саяси өзгерістердің тұғыры референдум арқылы қабылданатын Ата заңда жатады. Өкінішке қарай, өткен жылғы референдум мұндай күрделі мәселелерді аттап өтіп ұлттық мемлекетті дамыту мәселелерін тағы бірнеше жылға кері шегеріп кетті.

Ал Парламент ұлттық мемлекет мәселесі түгілі мемлекеттік тілде сөйлеп алса соның өзі қуаныш!

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

11 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago