Фото: видеодан алынған
Әй, Жаңа Қазақстаным-ай. Қазақтарды тентіретіп жібердің. Несиені сұмдық пайызбен бересің. Баспана болса ол қымбат, жеңілдетілген автокөлік те тоқтады. Жұмыс жоқ. Не болып кетті?
Өз елінен жақсылық көрмеген қазақтар шетелге қашып жатыр. Соның бірі 45 жастағы Лалагүл Құдайбергенқызы .
ТікТоk желісінде Ұлыбританияда құлпынай теріп, аптасына 250-300 мың теңге тауып жүрген Лалагүл есімді қазақстандық табысымен көпшіліктің қызығушылығын оятты. Ол осындай жұмыс арқылы айына миллион теңгеге дейін ақша табады, деп жазды Stan.kz ақпарат агенттігі.
45 жастағы Лалагүл Құдайбергенқызы қарақалпақ ұлтынан, Қазақстанға келін боп түскен. Екі ұл, екі қыздың анасы Атырауда тұрады. Бүгінде Ұлыбритания еліне барып жұмыс істеп жүрген әйел бұл елде табыстың жақсы екенін айтады.
Жұмыс жасап, нәпақамды тауып, Қазақстандағы несиелерімді жауып жатырмын аллаға шүкір. Бұрын Қазақстанда түрлі жерлерде аспаз болып та, базарда жүріп те 300 мың теңгені айына алып қанағат еттік. Ал мұнда бұл ақшаны аптасына тауып жатырмын.
Айтуынша, мұнда жұмыс таңғы сағат 4:00-де басталып, түскі сағат 14:00 шамасында аяқталады. Сегіз сағат толық жұмыс істейтін әйел қосымша бір сағаттың тынығу мен тамақтануға берілетінін айтады.
Лалагүлдің оқырмандары оның табысына қызығып, қалай бару керектігі туралы сұрақтар жаудырған. Сондықтан ол өзі жұмыс істейтін жерді, тұратын орнын, жұмыс істеу тәртібін көпшілікке желіде бөліскен.
50 жасқа дейінгі адамдардың мұндай жұмысқа келе беруіне болады. Жұмыс қатты қиын да, оңай да емес. Бастысы, табысы мол.
Алайда кей пікірлерде мұның өтірік екенін айтып, сенбегендер де болды.
Мұнда расымен аз сағатқа аз жалақы төлейтін жерлер бар. Сәйкесінше, менен де көп тапқандар болды. Мұның бәрі сіздің қай аймақта жұмыс істейтініңізге байланысты.
Желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырған:
Лалагүл бұған жауап ретінде арнайы сайттар арқылы түйіндеме толтырып, ешқандай ақы төлемей, тек электронды поштадан жауап күту қажет екенін, кейін визаға ғана құжат тапсыру жеткілікті екенін алға тартты. Сөз соңында жұмыс үшін ақы сұрайтын алаяқтардан сақ болуды ескертті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…