Қазақ Англияда құлпынай теріп Қазақстандағы несиесін төлеп жүр

Әй, Жаңа Қазақстаным-ай. Қазақтарды тентіретіп жібердің. Несиені сұмдық пайызбен бересің. Баспана болса ол қымбат, жеңілдетілген автокөлік те тоқтады. Жұмыс жоқ. Не болып кетті?

Өз елінен жақсылық көрмеген қазақтар шетелге қашып жатыр. Соның бірі 45 жастағы Лалагүл Құдайбергенқызы .

ТікТоk желісінде Ұлыбританияда құлпынай теріп, аптасына 250-300 мың теңге тауып жүрген Лалагүл есімді қазақстандық табысымен көпшіліктің қызығушылығын оятты. Ол осындай жұмыс арқылы айына миллион теңгеге дейін ақша табады, деп жазды Stan.kz ақпарат агенттігі.

45 жастағы Лалагүл Құдайбергенқызы қарақалпақ ұлтынан, Қазақстанға келін боп түскен. Екі ұл, екі қыздың анасы Атырауда тұрады. Бүгінде Ұлыбритания еліне барып жұмыс істеп жүрген әйел бұл елде табыстың жақсы екенін айтады.

Жұмыс жасап, нәпақамды тауып, Қазақстандағы несиелерімді жауып жатырмын аллаға шүкір. Бұрын Қазақстанда түрлі жерлерде аспаз болып та, базарда жүріп те 300 мың теңгені айына алып қанағат еттік. Ал мұнда бұл ақшаны аптасына тауып жатырмын.

Айтуынша, мұнда жұмыс таңғы сағат 4:00-де басталып, түскі сағат 14:00 шамасында аяқталады. Сегіз сағат толық жұмыс істейтін әйел қосымша бір сағаттың тынығу мен тамақтануға берілетінін айтады.

Лалагүлдің оқырмандары оның табысына қызығып, қалай бару керектігі туралы сұрақтар жаудырған. Сондықтан ол өзі жұмыс істейтін жерді, тұратын орнын, жұмыс істеу тәртібін көпшілікке желіде бөліскен.

50 жасқа дейінгі адамдардың мұндай жұмысқа келе беруіне болады. Жұмыс қатты қиын да, оңай да емес. Бастысы, табысы мол.

Алайда кей пікірлерде мұның өтірік екенін айтып, сенбегендер де болды.

Мұнда расымен аз сағатқа аз жалақы төлейтін жерлер бар. Сәйкесінше, менен де көп тапқандар болды. Мұның бәрі сіздің қай аймақта жұмыс істейтініңізге байланысты.

Желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырған:

  • Мұғалімдікті тастап, осындай жұмыстарға кету керек еді.
  • Қалай барсақ болады?
  • Сіздің жаныңызда жұмыс істегім келеді.

Лалагүл бұған жауап ретінде арнайы сайттар арқылы түйіндеме толтырып, ешқандай ақы төлемей, тек электронды поштадан жауап күту қажет екенін, кейін визаға ғана құжат тапсыру жеткілікті екенін алға тартты. Сөз соңында жұмыс үшін ақы сұрайтын алаяқтардан сақ болуды ескертті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago