Қоғам

Балаларға пайғамбардың отбасы мүшелерінің аттары жиі қойыла бастаған

Қазақстандық ата-аналар кейінгі кезде ұлдарына Әлихан, Алдияр, Әмір, Омар есімдерін жиі таңдайтын болған. Ұлға келгенде трендтегі есімдер арасында Алан, Айсұлтан, Мұхаммад және Нұрислам да бар. Ал қыздарға келгенде ата-аналар Медина, Айлин, Айша, Асылым есімін жиі таңдайтын болған. Бұл қатарда Раяна, Әмина да бар. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Алайда статистикалық деректер 25-30 жыл бұрын қазақстандықтардың арасында Азамат, Ербол, Данияр, Айгерім, Динара, Айнұр есімдерінің трендте болғанын көрсетеді. Halyq Uni тілшісі ономастика саласында ізденіп жүрген сарапшы Қайыр Рысбаевпен сұқбаттасып, мұндай тенденцияның себебін сұрады.

Оның айтуынша, балаға ат қою халықтың сәнге сүйенуіне байланысты және қоғамның көңіл күйіне байланысты өзгереді.

Осыдан 100-150 жыл бұрын Абай мен Шоқанның заманында молдалар қазақтың балаларына Ибраһим, Мұхаммед-Қанапия деп ат қойған, алайда қазақтар өзінің ұлттық болмысын сақтап қалған. Молдалар қазақша ат беріп, арабтандыруға тырысқанымен, олар қазақша атымен тарихта қалды. Қазан революциясы кезінде дінге қарсы агитация, қудалаушылық болғандықтан, араб есімдері азайып, оның орнына қазақша аттар келе бастады.

Оған қоса еуропалық, орыстың Роза, Аида, Сабина, Албина есімдері енді. Қазақша аттар Кеңес одағы кезінде көбейгенімен, 1991 жылдан бастап қазақтарға діні қайтарыла бастады, алайда дәстүрлі исламға қарсы Арабиядан бізге жат ислам түрлері келе бастады. Соның әсерінен қазақша ат көбейе бастады,

дейді Қайыр Рысбаев.

Айтуынша, Мұхаммед пайғамбардың отбасы мүшелерінің аттары жиі қойыла бастаған. Олардың қатарында Абдолла, Әмина, Хадиша, Айша есімдері бар.

Халық мұсылман болу мен араб болуды шатыстырып алған сияқты. Өйткені мұсылман болу үшін аты арабша болуы міндетті емес. Василий Петер немесе Қасқырбай, Түлкібай болып, намаз оқуға болады. Бұл есімдердің Қазақстанда кең таралуы қазақ тіліне де қауіп төндіреді,

дейді Қайыр Рысбаев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

10 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

17 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

17 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

18 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago