Categories: Саясат

Қазақ билігі Ресейге техника тасыды ма?

Қазақстан қорғаныс министрлігі «Қазақстан Ресейге әскери техника тасымалдап жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның батыс өңірінде «әскери техника тиелген жүк көліктерінің Ресейге әкетіліп жатқаны» жөнінде ақпарат тараған. 

«Қазақстандық әскери техниканы Ресейге жөнелтіп жатыр деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстанға қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі» деп жазылған министрлік хабарламасында.

Ведомство хабарламасында үшінші елдің атын атамайды. Министрлік 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын айтып өтеді.

Бір күн бұрын «Бәсе» Телеграм-арнасында әскери техника тиелген жүк көліктері туралы бірнеше сурет жарияланған. «Шекаралас Ақсай қаласы, БҚО. Белсенділердің айтуынша, әскери техника Ресейге кетіп барады. Тоқаев Путинге көмектесіп жатыр» деп жазылған жазбада. Министрліктің хабарламасы дәл осы жазбамен байланысты ма, жоқ па, ол да белгісіз, деп жазады abai.kz.

Әлеуметтік желілерде бұған дейін де темір жол және жүк көліктері арқылы тасымалданып жатқан әскери техниканың суреттері мен видеолары жарияланған. Кейбір кезде желі қолданушылар «Қазақстан әскерді Украинаға жібергелі жатыр» деп болжаған. Ал қорғаныс министрлігі ақпараттарды жоққа шығарған. Былтыр наурызда осындай ақпарат тараған кезде министрлік «мессенджерлерде таралған видеоларда әскери техниканың әскер дайындығы кезіндегі іс-қимылы бейнеленген» деп түсіндірген.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago