Қазақфильм: болу ма, бордай тозу ма?

Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа министр тағайындалған сайын «Қазақфильм» мен қазақ киносының тағдыры кезекті рет сындарлы сәтті бастан өткереді. Болу ма, бордай тозу ма?! Бүкіл киногерлер қауымын ендігі жаңа министр алдағы жылдары қазақ киносын өсіп-өркендете ме, жоқ былыққа батырған күйі батырып, құрдымға кетіре ме деген сұрақтар мазалайды. Әсіресе, «Қазақфильмді» шын сақтап қалғысы келетін, шын өнер жасағысы келетін киногер қауымды бұл сұрақтар екі есе алаңдатады. Себебі, осы салаға келген министрлердің көбі «Қазақфильмді» майшелпекке айналдырғысы келетіні анық.

Елзат Ескендір «Қазақфильмді» сақтап қалғысы келетін киногерлер қауымының мұң-мұқтажын ҚР Спорт және Мәдениет министрлігіне жеткізді.

Сөзбе-сөз:

«Қазіргі таңда «Қазақфильм» киностудиясы президентсіз қалыпта жұмыс істеп жатқанына 3,5 айдан аса уақыт өтті. Тек президенттің міндетін атқарушы ғана бар. Ақан Сатаев өткен жылдың кыркүйек айының соңында бұл қызметтен кетті. Ендігі кезекте киностудия өзінің жаңа басшысын күтуде. Бүкіл киногерлер қауымы жаңа министр жаңа басшыны қашан тағайындайды деп тағатсыздана күтіп отыр. Басшылыққа кімнің келуі өте маңызды. Соған қарап қазақ киносының алдағы жылдардағы тағдыры шешілмек. Тек киностудия Мұхамедиұлы кезіндегідей қара түнекке айналып кетпеуі тиіс».

Арыстанбек бәрін құртып кетті

Министрлікке Арыстанбек Мұхамедиұлы келген жылдары «Қазақфильм» үлкен түнекке оранды. Ешкім ештеңеге жауап бермеді. Басшылыққа барсаң бірі біріне сілтейді. Іс жүзінде киностудия басшылықсыз болды. Мұхамедиұлы өзі тағайындаған Бақыт Қайырбеков 2015-2019 жылдары киностудияның президенті болып тұрғанымен ол кісі өзінің денсаулық сырқатына байланысты жұмыста болғанынан болмайтын күндері көп еді. Ал оның орынбасарлары бар істі Қайырбековке сілтеп ешқашан ешбір істі шешуге талпынбайтын. Анығында киностудидағы бүкіл жобалардың тағдырын министр Мұхамедиұлы өзі шешіп отырды. Тек Арыстанбектің алдынан өткендер ғана жоба алатын. Асылында, шығармашылық деген дүние әділет үстемдік құрған жерде ғана гүлдеп, көгеріп көктейді.

Әділет жоқ, бармақ басты, көз қыстылықпен, көнбесе тізеге салып, кәсіби мамандардың пікірін, потенциалын ескермей бәрін бір министр өзі шеше берген тұста – ешқашан шығармашылық, кино дамымақ емес.

Қәзіргі таңда «Қазақфильм» киностудиясы президентсіз қалыпта жұмыс істеп жатқанына 3,5 айдан аса уақыт өтті. Тек президенттің міндетін атқарушы ғана бар. Ақан Сатаев өткен жылдың кыркүйек айының соңында бұл қызметтен кетті. Ендігі кезекте киностудия өзінің жаңа басшысын күтуде. Бүкіл киногерлер қауымы жаңа министр жаңа басшыны қашан тағайындайды деп тағатсыздана күтіп отыр. Басшылыққа кімнің келуі өте маңызды. Соған қарап қазақ киносының алдағы жылдардағы тағдыры шешілмек. Тек киностудия Мұхамедиұлы кезіндегідей қара түнекке айналып кетпеуі тиіс.

Жаңа президент қандай болуы керек?

Сондықтан жаңа президент қандай болуы керек?

1. Ең алдымен киноны түсінетін, шығармашылықтың иісі мұрнына баратын, киноөндірісті білетін, өрелі маман әрі мықты менеджер болуы тиіс. Мұндай маман шығармашылық адамдарын, түсірілім тобын да қолдай алады, киноға ақша да таба алады.

2. Әлемдік киноның даму тенденцияларынан хабары бар, жаңашыл; кино өнерін бағытына қарай, авторлық-интеллектуалдық, идеологиялық, кассалық фильмдер деп саралап қарай алып және осы үш бағыттың үшеуінде де жұмыс жасап, кең масштабта ойлай алуы тиіс. Себебі, бүгінгі кино Совет кезеңіндегі кино емес, бүгінгі кино идеялық-концепциялық тұрғыдан, технологиялық тұрғыдан өзгеше бағыт алған кино.

3. Бұл қызметке жас азаматтардың бірі келуі керек. Жасы 40-қа жетпеген жастардың бірі келуі керек. Кинодағы бұл жасқа дейінгі жастар – талай өткелектен өткен, талай тәжиірбе жинаған жастар. Одан жас деп қорқудың қажеті жоқ. Негізінен, бүгінгі киноны жасап жатқан осы жастар. Ал жастар – өздері бәлендей үлкен кино жасай алмайтын, сонда да жастарға ағалық танытып, қолдау білдіріп, жол бермейтін – шалдардан шаршады.

4. Жаңа басшы Ұлттық киноның не екенін түсіне алуы тиіс. Және Ұлттық киноның көптеп жарыққа шығуына қолдау білдіруі қажет.

Бастысы осы. Осы үдеден шығатын басшы келмеген жағдайда «Қазақфильмнің» тағдыры ойыншық, киноның ертеңі бұлыңғыр болмақ.

Питчинг мерзімі өте маңызды

Киногер қауымды алаңдатып отырған жай мемлекет қолдауымен биылғы өндіріске жіберілетін жобаларды іріктейтін Питчингтің қай кезде өтетіндігі. Биылғы жылы жылдағы кемшіліктің алдын алып, Питчингті осы жылдың басында өткізіп, іріктеуден өткен жобаларды ертерек өндіріске жібереді деген сыбыс шыққан сияқты еді. Алайда, қаңтар аяқталып келеді ҰКҚМО тарапынан Питчинг өткізбек түгілі жобаларды қабылдау әлі басталған жоқ. Сондықтан биыл да жылдағы қателікті қайыра қайталай ма деген қәуіп бар. Ол қәуіп – Питчинг жазға қарай өтіп, іріктеуден өткен жобалардың қаржысы күзге қарай бөлініп, күз кезінде түсірілімді қысқа дейін аяқтауға тиіс деген талаппен науқаншылдыққа салынып, нәтижеде шала дайындық сапаға әсер етіп, талай мықты жоба мен талантты киногердің обалына қалып, мемлекет бөлген қаржыға сапасыз дүниелер дүниеге келе ме деген ой. Егер шынымен де кино саласындағы бұл жүйе түзеліп, Питчинг әр жыл сайын жылдың басында өтпейтін болса – онда біздегі мемлекеттік кино саласының дамуы неғайбыл. Сол себепті министр бұл мәселеге жігі назар аударса дейміз.

Мемлекеттің кино саласына қаржы бөлуі өте дұрыс. Ендеше осы қаржыға түсірілетін туындылар сапалы болып шығуы тиіс. Ол үшін ең алдымен кино өндірісіндегі жүйе реттелуі тиіс. Одан кейін қазақ киносында ақсап тұрған кәсіби продюсерлер мен сценаристер, кинотанушылар мектебіне көңіл бөліп, дамыту қажет. Енді бұл ұзақ әңгіме. Оның мәселесі алдағы уақытта бөлек қозғалар. Ал қәзіргі таңда ең алдымен кино өндірісінің жүйесін реттеу қажет. Сол кезде ғана саннан сапа туындап, қазақ киносы әлемдік кинемотаграфиямен иық теңестіре алады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago