Categories: Қоғам

Қазақ хандығында қазақ тілі мемлекеттік болмаған – сарапшы

Baktygaliev Blog телеграм каналында Ілияс Бақтығалиев деген автор Қазақ хандығының тарихындағы тілдің рөлі мен орны туралы түйген ойын жазыпты. Оның пайымынша, қазақтар өз тарихында логикамен жүріп, қай тіл қолдануға ыңғайлы, соны пайдаланған.

Қазақ ұлтына тән қасиет – бірнеше тілді оңай меңгере алатыны. Кезінде Қазақ хандығының халқы да айналасындағы жағдайға бейімделуге мәжбүр болған. Жалпы, көшпенділер мәдениетіне бейімделушілік тән.

Автор былай депті:

Орыс мемлекетімен ежелден аралас-құралас едік. Қазақ саудагерлері Ресей империясы әлі құрылмай, оған қазақ жерлері әлі қосылмай тұрған заманда-ақ орыс тілінде сөйлеуді үйреніп алған. Ал Қазақ хандығындағы құжаттар жазбаша түрде ғана қолданылатын түркі тілінде жүргізілген. Жалпы, Шыңғыс хан тұқымы мен түркінің ақсүйектері осы тілді қолданған.

Түркі тілі кемінде төрт жүз жыл бойы татар, башқұрт, қазақ, өзбек, қырғыз бен ұйғыр элиталарының ортақ әдеби тілі болған. Ол тілде тарих пен шежіреге қатысты түрлі дүниелер жазылған.

Мәселен, Абылай ханның Цин империясы мен Елизаветаға жазған атақты хаттары шындығында орыс немесе қытай тілінде емес, сол заманда түркінің атқамінерлері сөйлеген әдеби ойрат тілінде жазылған.

Осы жайттарды алға тартсақ, ендеше қазақ тілі іс жүзінде Қазақ хандығының мемлекеттік тілі болмаған деуге негіз бар. Біздің ата-бабаларымыз өзге тілде сөйлеуден арланбаған. Діни ортада аздап араб тілі де қолданыста жүре берген.

Ал біздің қазіргі қоғамымызда ұлттар мен тілдерге қатысты қалыптасқан мәдени стереотиптер «әр ұлтта бір ғана тіл болуы керек» деген сталиндік саясаттың салдары. Соның салдарынан біз «ұлт» деген терминді мүлдем басқаша қабылдайтын болдық,

дейді әңгіменің авторы.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago