Қоғам

Қазақ әйелі бәріне бірдеңе қарыз

«Қаржылық, моральдық жағынан тәуелсіз әйел заты аз. Өте аз. Бәрі біреуге бірдеңе қарыз», деп есептейді танымал блогер, қоғам белсендісі Перизат Мырзахмет.

Қыз-келіншектерге тур ұйымдастырмақ ниетте болғанда блогер осыған көзі жеткен:

«Жақында бір турагент кездесуге шақырды. Ұсынысы «Біз бірнеше блогермен саяхатқа шығып келдік. Олар оқырмандарын тарту арқылы өздері тегін саяхаттады. Сіз өз оқырмандарыңызды турға шақырасыз, біз ұйымдастырамыз, сіз тегін барасыз. Сізді тыңдайтын қыз-келіншектер көп қой…»

Бұрын барған саяхатшыларның бәрі ер-азамат блогерлер. Бір де бір әйел бармапты. «Неге олай деп ойлайсыз?» деп сұрадым. Білмеймін деді.

Аудиториямның қожасы көп. Жас қыздардың ата-аналары бар. Келіншектердің күйеуі, ата-ене, балалары бар. Қала берді бастықтары бар. Ол аз десеңіз «жұрт не дейді» бар. Бәрінен сұранып, бәріне түсіндіріп, бәрін мойындату керек. Кәдімгі бюрократия. Қаржылық, моральдық жағынан тәуелсіз әйел заты аз. Өте аз. Бәрі біреуге бірдеңе қарыз.

Менің аудиториямды бір жерге қыдыруға алып шығу қиындау процесс. Былтыр бір жоба бастап, қыздарға әдемі пайдалы демалыс ұйымдастырғымыз келді. Сұраныс жоғары болды. Барлық түйткіл қаржыға келгенде басталды:

Бірінші күні: төлемді жібереді
Екінші күні:
— ақшамды қайтарып бересіз бе?
— не боп қалды?
— күйеуім ұрсып жатыр…

— ақшамды қайтарып бересіз бе?
— не боп қалды?
— үй жөндеуге жинап қойған ақшам еді…

— ақшамды қайтарып бересіз бе?
— не боп қалды?
— балаларды мектепке дайындау керек…

— ақшамды қайтарып бересіз бе?
— не боп қалды?
— енем де барғысы келеді, екеумізге ақша жетпейді…

Осындай ұшы-қиыры жоқ себептер. Қайтарып бердік. Бәрін де түсінеміз. Әйелдің миында шаруаның тізімі, иығында жауапкершілік, қолында отбасының тағдыры. Әйелге бәрі — баласынан бастап бастығына дейін айғайлайды. Қала берді шашы айғайлап жүреді.

Менің жауабымнан кейін турагент терең күрсінді», — деп жазды қоғам белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago