Қазақстанда қазақ картасын ашу ұсынылды. Бұл туралы Еңбек министірлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, қазақ картасын енгізу тарихи Отанмен байланысты нығайту мақсатында ұсынылған.
Ол жоғары деңгейдегі мамандар немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңейтуге ниет білдірген этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) арналады,
делінген хабарламада.
Картаны иеленген адамда саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығы (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) болады.
Сондай-ақ, ведомство оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шара көзделетінін хабарлады.
Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделеді,
дейді Еңбек министрлігі.
Осы бағыт шеңберінде:
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа тұжырымдама аясында тарихи Отанында қандастарды қабылдау және жайғастыру саясаты да қайта қаралады.
Атап айтқанда, құжаттарды қабылдау кезеңінде қандастың келетін жерін айқындау тетігін енгізу және осы өңірде тұрақты тұрудың белгілі бір мерзімінен кейін азаматтық бере отырып, еңбек күші тапшы өңірлерге көшуді реттеу мен ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.
Бұл тәсіл Германияда, Израильде және Ресейде отандастардың жергілікті қоғамға интеграциялану процестерін реттеу және ұлттық экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, олардың әлеуетін пайдалану үшін сәтті қолданылғаны айтылды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…