«Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар тобына 100 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр  Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте екі компания тобына қатысты тексеру аяқталғанын айтты.

Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 63-і тексеріліп, 8-і Мемлекет басшысының, 4-і Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша бақылауға алынды. «Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар топтарына қатысты тексерулер аяқталды. Есептелген салықтық өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асты.

Ол атағандай, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі тауарларды өткізудің бүкіл тізбегі бойынша бақылау жүргізуге бағытталған ақпараттық жүйелер кешені саналатын Ұлттық қадағалау жүйесіне негізделген.

Құжаттамалық қадағалау Астана-1 және «Виртуалды қойма» модулі бар электрондық шот-фактуралар жүйелерінде және тауарды онлайн-БКМ арқылы айналымнан шығарумен жүргізіледі,

деді Данияр Жанәлінов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago