Categories: Оқиға

«Қазақмыста» кеншілер ереуілге көтерілді

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясының жүзден астам кеншісі ереуілге шықты.

Наразы жұмысшылардың хабарлауынша, кеншілердің жартысы шахтаның ішінде қалған, қалғандары жоғарыда ереуілдеп тұр. Ереуіл болып жатқанын дәлелдейтін видео да бар. Кеншілер 15 талап қойған.

Белсенділердің айтуынша, әуелі Сәтбаев қаласындағы № 65 шахта жұмысы тоқтаған. Мұнда 13 тамызда түнгі ауысымға түскен жұмысшылар ереуілдеп тұр. Кеншілердің мәлімдеуінше, қазір наразылық акциясына корпорацияның басқа да кәсіпорындарындағы жұмысшылар қосылып жатыр. Ереуілдеушілер саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін.

— Әріптестер шахтадағыларды қолдау мақсатында азық-түлік жеткізді. Кеншілердің бәрі жиналып жатыр, шахталарда жұмыс тоқтап тұр, — дейді Азаттыққа ереуілдегі кеншілердің бірі. Ол өзіне қысым жасалмас үшін аты-жөнін атамауды өтінді.

Кеншілер еңбек жағдайын жақсартуды, бір жылдық жұмысты бір жарым жыл деп есептеуді, ескі құрылғыларды жаңартуды, шахтаға жұмысшы қабылдау орындарын ашуды, жұмыс күші неге жетіспейтінін түсіндіруді, жақында қайтыс болған жұмысшы Е. Ербосыновтың ұлын жұмысқа қабылдауды, сыйақыларды айлыққа қосып есептеуді, демалысты созуды талап етті.

Бұған қоса, жұмысшылар ерікті медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды, Кенші күнінде «100 мың теңге» сыйақы тағайындап, Кенші күнін атап өтуді алып тастауды сұраған.

Түскі сағат 13-те кеншілер ереуілі жалғасып жатты. Ол жерге билік пен органдар өкілдері бара жатқаны мәлім болды.

31 шілдеде компания өзінің ресми парағында өндіріс нәтижелері мен болашағы туралы хабар таратты. «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры Олек Копытовтың айтуынша, 2023 жылдың алғашқы жартысындағы өндірістік жоспарлар «сәтті орындалып жатыр». Корпорацияны алдағы 20 жылда дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар дайындалып жатқаны хабарланды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago