Әлеуметтік желіге шолу

Қазақ әндерін кемсітті деп сынға қалған радио директоры халықтан кешірім сұрады

Қазақ әндері радио форматына сәйкес келмейтінін айтып, сынның астында қалған «Бизнес FM» радиостанциясының бас директоры Рүстем Мақсұтов өз сөздеріне түсінік берді. Ол cондай-ақ айтқан сөздері үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Бәрі неден басталды?

«Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау отырысында Рүстем Мақсұтов мейрамханалар мен кафелерде ойналатын қазақ әндері радиостанция форматына сәйкес келмейтінін айтқан. Ол әрбір тыңдарманның өз талғамы бар екенін мәлімдеген, ал көпшілік басдиректордың бұл сөздерін “талғамсыз тыңдарман” жайлы отыр деп қабылдады.

Егер біз тіл мәселесі туралы айтатын болсақ, онда («масс-медиа туралы» заң жобасында – ред.) бізге әндердің көпшілігін қазақ тілінде тарату керек деген норма болды. Бірақ, өкінішке орай, радиостанция мен оның тыңдаушыларының өз талғамы бар. Яғни, шын мәнінде, қазір қазақ тілді аудитория үшін шығарылатын әндер көбінесе біз қоятын талаптарға сәйкес келмейді. Яғни, бұл негізінен мейрамханаларда, кафелерде естілетін әндер және олар біздің форматқа сәйкес келмейді,

деген еді Мақсұтов.

Бас директордың өзін-өзі қорғауы

Бұған дейін Рүстем Мақсұтовпен тілдескенімізде ол өзін-өзі қорғау үшін сотқа жүгінгенін және сөздерінің ақ-қарасын ажырату мақсатында филологиялық сараптама жасататынын айтқан.

Мақсұтов жақында филологиялық сараптаманың нәтижесі шыққанын және онда оның сөздері ақпараттандыруға бағытталғаны анықталғанын жеткізді. 

Рүстем Мақсұтовтың бейнежазба арқылы көрсетілген сөздерінде ұлт араздықты қоздыру белгілері жоқ. Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері жоқ. Рустам Мақсұтовтың сөздерінде қазақ тілінің беделін түсіретін белгілер табылмады. Қазақстан Республикасында қазақ тілін шектеу қажеттілігі туралы сөз айтылмаған,

делінген Мақсұтовтың өзі оқып берген сот сараптама нәтижесінде.

Рүстем Мақсұтов алайда қазақша әндер туралы айтқан сөздері көпшіліктің көңіліне тиіп кеткенін мойындайды. Ол таралған бейнежазбада “мен қазақша әндерді жақсы көрмеймін” деп айтпағанын алға тартады. 

Менің сөздерім екі жақты қабылданды. Бұл менің кінәм және мен оны мойындаймын. Мен бұл сөздерді айтқан кезде ойымда мүлдем басқа ниет болды. Осы сәтте мені қолдағандар болды және керісінше мені даттағандар да табылды. Сол азаматтардың алдында ресми түрде кешірім сұраймын. Өз-өзіме деген сенімділіктің құрсауына түсіп қалғандай күйдемін. Мен қателік жасағанымды мойындаймын. Баршаңыздан кешірім сұраймын,

деді «Бизнес FM» радиостанциясының бас директоры.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago