Categories: Қоғам

Қазақ неге балық жемейді?

Балық етін тұтыну бойынша әлемде бірінші орында Оңтүстік Корея көрінеді. Жылына адам басына шаққанда 57 келі балық етін тұтынады. Екінші орын Жапония — 53 келі. Үшінші орын Норвегия — 50 келі. Ал әлем бойынша балық етін тұтынудың орташа көрсеткіші 22 келі екен. ДДСҰ жылына 16 келі балық етін жеуге кеңес береді. Қазақстан бұл көрсеткішке жетпейді. Кей деректе 11 келі, бір деректерде 7 келі деп көрсетіліп жүр.

Қазақы отбасы үйге қонақ келсе қайдан тапса да қазан көтеріп, ет асуды парыз санайды да, «балыққа бата жүрмей» қалатыны жасырын емес. Мүмкін бұл тұрмыстық ахуалдан емес, балық етінің пайдасы жөніндегі ақпараттың аздығынан да болса керек. Өкінішке қарай, бізде балық шаруашылығын дәріптеу, осы салаға халықты үйрету жағы да кемшін. Көршіміз Ресейде екі бірдей телеарна балық шаруашылығының қыр-сырын насихаттап отырады. Қалай десек те, өзге жұртқа қарағанда балықты аз жейміз. Мамандар балық еті көз аурулары мен созылмалы ісік ауруының алдын алуға һәм сүйекті қатайтуда таптырмас ем екенін айтады. Айтқандай, базардағы балық бағасы жөнінен де өңірлерде айырмашылық әрқалай. Ағымдағы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша балық пен теңіз өнімдерінің бағасы бір жылда 24,3% — ға өскен. Оның ішінде енді ауланған немесе салқындатылған балық 17,4% — ға, мұздатылған — 16% — ға, өңделген және консервіленген балық 31,3% — ға қымбаттаған. Павлодар  (42,5% ), Маңғыстау (38,1% ), Шымкент (32,5% — ға) облыстары үшін балық қымбатқа түсіп отыр.

Қазақстан балық өсіруге қолайлы су көздері мен жасанды су айдындары көлемі жағынан алғанда ТМД-да Ресейден кейінгі орында. Қазақ даласында «балығы тайдай тулаған» Каспий теңізі, Ала­көл мен Балқаш көлдері, Жа­йық пен Ертіс, Сырдария секілді балыққа бай табиғи су көздері жетерлік. Ресми статистикаға сүйенсек, өңірлер бойынша негізгі балық аулайтын аймақтарға – Атырау, ШҚО, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары жатады.

Әлем бойынша балықтың 20 мыңнан астам түрі бар делінеді, соның 300-ге жуығы кәсіби ауланатын балықтар. Жоғарыда балыққа керек су көзі жөнінен ТМД-да Ресейден кейін тұрмыз. Алайда балықтың саны жағынан көп кейін қалғанбыз. Мәселен, көрші елде балықтың 250-ге тарта түрі кәсіби ауланатын болса, біздегі бар балық түрінің өзі – 155-тей ғана. Оның 18 түрінің саны күрт азайып, Қызыл кітапқа енгізілген. Қазақстан аумағындағы 155 балық түрінің тек 52 түрі кәсіби ауланады.

Негізі Қазақстан балық шаруашылығын дамыту арқылы үлкен жетістікке қол жеткізе алады. Себебі балық өнімдері бізде ғана емес, әлемдік саудада да тапшы азық. Бір ғана мысал, іргедегі көршіміз Ресей жылына 1,2 млн тонна мөлшерінде балық импорттайды. Бұл тұрғыда, үлкен өзендердің басында отырған Қытай мемлекеті бүгінгі жағдайды шебер пайдаланып, Ресей импортының 40%-ын жеткізіп беруде. Саланы дамыта алсақ, көршінің сұранысын жақын жерден жеткізу бізге де тиімді болар еді. Импортты төмендетіп, Қытай, Ресей және Еуропа елдеріне өнім сатуға жол ашылады.

Қанша десекте, балықшылық қазаққа ата кәсіп емес екені анық. «Бір лақты ешкің болса, мына теңіз деген көретін зат емес екен» деген ескіден қалған сөз бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago