Categories: Саясат

Қазақ қоғамы қазір үркіп отыр – сарапшы

Астанада өткен «Ресей – Орталық Азия» саммитін Путин пайдаланды, әлі де ықпалы бар екенін байқатып қою үшін. Орталық Азиядағы «диктаторлар клубында» мұнымен әлі амандасатын басшылар бар екенін көрсету үшін.

«Ал саммиттің өзіне келсек, айтуға тұратындай шешімдер мен келісімдер қабылданбады. Керісінше, Тәжікстан президентінің Путинге қарата айтқан реніші – Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалы мен күші жойылып жатқанын аңғартса керек», дейді саясаттанушы Димаш Әлжанов.

Оның сөзінше, Орталық Азиядағы елдер әзірге қандай бетбұрыс жасарын білмей отыр.

Путиннің режимі әне-міне құлағалы тұрғанын ескерсек, Қазақстанның алдағы 5-10 жылға арналған нақты ұстанымы жоқ. Дәл қазір Қазақстан жағдайды өз қолына алудың орнына кезіндегі интеграциялық үрдістердің инерциясымен жүріп барады. Бұл да өңірдегі авторитарлық елдердің жаңа ештеңе ұсына алмайтынын айғақтайды. Қазір Ресей де Орталық Азияға ештеңе ұсына алмайды,

дейді ол.

Қазақстан қазір Путиннің режиміне тым жалтақтық танытуда, деп айыптап отырғандар бар. Бұл қаңтардағы Путиннің көмегімен, одан кейінгі әскери ынтымақтастық жөнінде жасалған бірқатар меморандумдар мен келісімдермен байланысты. Сол себепті Қазақстан халықаралық аренада өзінің ашықтығын көрсетіп, түрлі бастамаларды қолдаған болады, бірақ іс жүзінде өзі дербес шешім қабылдай алмайды.

Бұл әрине, тәуелсіздікке нұқсан келтіреді. Әскери, экономикалық ынтымақтастықпен қатар, Ресеймен бірге біртұтас ПВО жүйесін құрмақ. Ресей телеарналары Қазақстанда бұрынғыдай хабар таратып отыр.

Қазақстан қоғамы қазір үркіп отыр. Ресейден қаптап келген қашқындар бар, Украинадағы соғыс, ондағы қылмыстар, Қазақстанға қарсы жұмыс істейтін Ресей пропагандасының қысымы бар. Қазақстанға барынша сақтану керек. Пропаганда деген өте қауіпті құрал. Ресейдің «симоняндары» өзінің лас жұмысын жалғастырып жатыр,

деген екен саясаттанушы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago