Categories: Қоғам

Қазақ полициясындағы иттер жайлы не білеміз

Елімізде бүгінде 600-ден астам түрлі тұқымды ит полиция қызметкерлеріне көмек беріп жүр.

ІІМ мәліметінше, 2022 жылы кинологиялық бөлімшелердің қатысуымен 6023 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, 2360 ұрлық, 188 тонау, 26 қарақшылық, 55 кісі өлтіру деректері ашылған. Қызметтік иттердің көмегімен 636 келіден астам есірткі, оның ішінде 114 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілмеді. Кинологиялық қызметтің арқасында есірткінің заңсыз айналымының 900-ге жуық фактісінің жолы кесілген.

Ақпаратқа сәйкес, 600-ден астам түрлі тұқымды ит полиция қызметінде. Олар – есірткі мен жарылғыш заттарды, адамдарды іздеу, тінту, ізге түсу және шабуылдауға бейім бельгиялық және неміс овчаркалары, лабрадор-ретриверлер мен басқа тұқымды иттер. Бүгінде әр облыста полицияда жаңа психобелсенді заттардың иісін анықтап, таба алатын ит бар.

Кинологтар мен олардың қамқорлығындағы иттерді базалық даярлау Алматыдағы ІІМ Кинологиялық қызмет орталығында жүзеге асырылады. Мұнда жыл сайын 150-ге жуық полиция қызметкері оқыту және қайта даярлаудан өтеді. Орталықтың теңгерімінде 34 қызметтік ит бар. Өткен жылы орталықта 30 күшік дүниеге келді: 26 неміс овчаркасы және 4 малинуа. Күшіктер 45 күнге толғанда алғашқы сынақ – полиция қызметіне жарамдылық тестілеуінен өтеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago