Categories: Қоғам

Қазақша білмейтінім үшін ұялмаймын – депутат

Өткен аптада қоғам белсенділері қазақ тілінің мәселесін көтеріп, қоғамдық резонанс туғызған. Бәрі Мухоряповтың «төмен мәдениетсіздіктің белгісі» деген сөзінен кейін шулап кетіп еді. Енді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров «Қазақ тілін білмеймін, білмегенім үшін ұялмаймын» деп отыр. Бұл туралы тележүргізуші Нартай Аралбайұлының ютуб-каналында видео шықты.

Тілші депутатқа: «Жалпы, 30 жыл бойы тілді үйренбей, осылай сылтау айтып жүргенге ұялмайсыз ба?», – деп сұрақ қойған.  

«Менің ұялатындай ештеңем жоқ деп ойлаймын. Мен орыс тілінде оқып өстім. Негізі біз үйде қазақ тілінде сөйлесеміз, тілді түсінемін. Бұл тұрғыдан проблема жоқ. Бірақ мен тілге байланысты халықты бөліп-жару дұрыс емес деп есептеймін. Біздің міндетіміз – біртұстас Қазақстанды қалыптастыру. Ал тілге байланысты әлеуметті бөлетін оқиғалар бізде ұшпаққа шығармайды», – деп жауап берді депутат Айқын Қоңыров.

Еске салсақ, 2022 жылы 23 наурызда отандық БАҚ беттерінде «Парламент депутаттарына қазақ тілін үйретуге 27 миллион теңге бөлінбек» деген жаңалық тараған.

Артынша журналист Мият Кәшібайдың Telegram-арнасында мемлекеттік тілді үйрету келісімшартына қатысты ақпарат жарияланды.

«Парламенттегілердің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін миллиондап қаржы бөлініп жатыр. «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» атты мекеме мемлекеттік тіл бойынша тренингтер өткізу үшін 27 млн теңге жұмсамақ. Мемлекеттік сатып алу порталынының дерегінше, мекеме 11 ақпан күні «Парасат» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасасқан. Келісімшартқа сәйкес, жеке кәсіпкер биылғы 25 желтоқсанға дейін «тапсырыс берушінің 50 тыңдаушысына» мемлекеттік тілден тренингтер өткізуге тиіс. Құжатта «тыңдаушылардың» нақты кім екені айтылмаған»,

делінген жазбада.
Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

20 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

20 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

20 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

20 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

22 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago