Categories: Қоғам

Қазақша киінудің жөні осы екен деп келіншектер тақия киетін болған

Этнограф Тұрар Сәттарқызы Шәкен Наурыз мейрамы қарсаңында қазақша киімдерді өз жөнімен кию керектігі туралы сөз қозғады. Айтуынша, бүгінде трендке айналған тақияны жасы да, кәрісі де киіп алатын болған. Алайда бұл дұрыс емес.

Қатты айтсам, кешіріңіздер, “қазақша киінудің жөні осы екен” деп тақияны күйеуге шыққан, баласы бар келіншектер мен 50-60 сары қарын қатындар мен әжелер киіп алған бүгінде. Әр нәрсенің өз орны бар. Тақияны сарықарын әйелдер емес, бүлдіршін қыздар, мен тұрмысқа шықпаған бойжеткен қыздар кигенін ұмытпайықшы! Қыз киетін тақияны киген апамызды жастарымыз қалай апа, әже деп қабылдайды? Екі жақты стандарт болып кетпей ме?

деп ашынды этнограф.

Қазақ халқы ертеден жас мөлшеріне сай киім киген. Сол киіміне қарап, жасын, тұрмысқа шыққан-шықпағанын, елін, руын таныған.

Қазақ қызы, әйелі ешқашан жалаңбас жүрмеген. Әйел затының әр кезеңіне сай бас киімі болған.

Қазақ қызы 3-18 жас аралығында яғни, бойжеткенше үкілі тақия киген. Бес жасқа толғанда құлағын тесіп, сырға тағып, шашын өріп, шолпы таққан. Тақия қызыл, алқызыл, күлгін, жасыл түсті барқыт тәрізді матадан сырып тігілген. Ал бойжеткен соң кәмшат бөрік киген. Бөрікті ерлер де киеді, бірақ, қыздар бөркінің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат матамен тысталып тігіледі, жиегі бағалы аң және мал терілерімен көмкеріледі. Қыз ұзатылғанда басына сәукеле кигізген. Ол ұзатылатын қыздың сұлулығы мен салтанатын, байлығы мен бағасын асыра түседі,

дейді Тұрар Сәттарқызы Шәкен.

Этнографтың айтуынша, бұдан кейін әйел затының жас ерекшелігінде қарай бас киімі өзгеріп отырған. Мәселен, келін өзге шаңырақтың босағасын аттаған соң, оған жаулық салып, еншілейді. Яғни, орамал – тұрмысқа шыққандықтың белгісі. Салт бойынша, балалы болғаннан кейін әйелдер кимешек киген. Кимешек кию – ана болғанның белгісі. Кимешек баланы емізгенде айналаға өңірін ашып көрсетпей, төсті жауып тұрады. Ол кеуде, иық, жонды жауып тұратын, әйелдің бет-әлпеті анық көрініп тұратын киім.

Үйленетін жастағы жігіттер қыздардың басына қарап сөз салуға болатын-болмайтынын аңғарған. Мәселен, басына тақия, бөрік киген қыз көрсе, бойжеткеннің басы бос екенін сезген, ұнатып жатса жаушы жіберіп, үлкендер арқылы құдалық жолын сөйлескен. Осылайша ұлттық киімдерімізді киюдің де өзіндік сыры, жолы, мән-мағынасы болған,

деп дәлелін келтірді Тұрар Шәкен.

Сондықтан, «Қыз кисе де, келіншек кисе де бәрібір емес пе, әйтеуір ұлттық киімімізді дәріптесек болды емес пе?», — деген қасаң пікір дұрыс емес дейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago