Әнші Yenlik Dopesoz подкастында қонақ болып, өзінің бұрынғы педагогикалық тәжірибесіне негізделген ой-толғаныстарымен бөлісті. Әңгіме барысында ол қазақ және орыс сыныптарындағы балалардың айырмашылығын айтты.
Айтуынша, қазақ сыныбындағы балалар көбіне жасық болып келеді, ал орыс сыныбындағы балалар ойын ашық білдіреді, ештеңеден жасқанбайды.
Орыс сыныбындағы балалар сабақ ұнамаса «ұнамайды» деп ашық айтады. «Мен мұны не үшін жазуым керек? Мен мұны үйде де жаза аламын ғой» дейді. Мұғаліммен осылай сөйлеседі. Ал қазақ сыныбының балалары оларға сабақ ұнамаса да көздері бақырайып отыра береді, екі сағат жазғызып қойсаң да жазып отыра береді,
дейді әнші.
Журналист Жарқын Түсіпбекұлы әншінің бұл ойымен келіспейтінін айтып, пост жазды.
«Қазақша оқитын бала жасық, орысша оқитын бала ештеңеден қорықпайды», – деген стереотип бар ғой. Осыны өзінің пікірі ретінде педагог емес, әнші де айтқан екен. Қазақша білім алатын баланы неге бірден жасық, қорқақ деп ойлаймыз? Сонда Петропавлдағы мектепте болған оқиға батырлықтың белгісі ме?
Орыстардың «не принимайте доброту за слабость» деген сөзі бар ғой. Үлкенге қарсы келмеу, біреуді тыңдай білу, сөзге тоқтау деген зиялы қасиеттер үрейден тумайды. Оның бәрі үйдегі тәрбие, дін және мектептің үйретері, осының бәрі қабысатын — ұлттық педагогикадан қалыптасады,
деп ойын білдірді журналист.
Журналистің жазбасына оқырмандар түрлі пікір қалдырды.
Өзімен өлшеп тұр-ау, қазір керісінше, қазақ сыныптарындағылар мектепті «ұстайды». Математикадан орыс сыныптарының әлсіз екенін мұғалімдері мойындайды, жалпы, білім беру бойынша қазақ тілді орта мықты екенін мектеп директорлары біледі, орысша оқытатын маман жоқтығы тағы үлкен проблема. Елде қазақ тілді әлемнің күш алғанын билік пен бизнес қана елемейді-ау,
деп жазды журналист Қалмаханбет Мұқаметқали.
Орысша оқығандар, еркіндеу, батылдау болатыны рас. Қазақ мұғалімдер басып, ынжық қылып тәрбиелейді. Ойларын ашық айтуға жасқанады. Қызылжардағы оқиғаның көкесіндей қорлау-зорлау оқиғалары қазақ мектептерінде болып жатыр,
деп ойын білдірді Арнұр Асқар.
Арнұр Асқардың ойын журналист Индира Тұрсынбай да қолдады.
Балаларымыз мектепте оқып жүр ғой. Ойын ашық айту, батылдық жағынан орыс сыныптарының балдары озып тұр әлі де. Балалар (менің ғана балаларым емес), әсіресе, қазақ тілі мұғалімдерін ұнатпайды. Тып қатал, қорқытып оқытады деп. Іштей қынжылам осыған. Ағылшын, орыс тілі сабақтарымен салыстырып ой түйеді ғой. Қазақ тілін оқыту методикасы ана екі тілдің деңгейіне жете алмады. Соның салдарынан мұғалімдер де қиналады, балалар алдында абыройсыз болады. Мен ұлдарыма солай түсіндірем. Қазақ тілі мұғалімдеріне методиканың әлсіздігі, ана екі тілмен бәсекеге түсудің қиындығы (не равные условия) зиян келтіреді, оларды кінәлауға болмайды деп ақтап алуға тырысам. Ана тіліне махаббаты ортайып кетпесінші деген ниетпен. Контексттен жұлып алып тілге қатысты айтылған шындықтың бәрін қаралай беруге де болмайды деп ойлаймын,
дейді ол.
Орыс сыныптары қазақ сыныптарынан артық дегенді мен жоққа шығарам. Мен 13 жыл аралас мектепте жұмыс істедім. 80% қазақ сыныптары, 20% орыс сыныптар. Әр орыс сыныпта 2-3 қаракөздер отыр. Мен істеген мектепте орыстардың бәрі ұнжырғасы түскен, қазақтардың аллында дәрменсіз, ешбір мектеп өмірге араласпайды. сөздің қортындысы, кім көп соның мысы басады,
деп ойын бөлісті педагог Қали Сүлей.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…