Categories: Қоғам

Қазақстан 7 елге тікелей рейс ашты

Қазақстан былтыр 7 елге тікелей қатынайтын 10 жаңа әуе бағытын ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.

Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті.

Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз деп отыр министрлік өкілдері.

Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты.

Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн астам туристі қабылдаған. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago