Categories: Оқиға

Қазақстанға 43 млн теңгенің дәрі-дәрмегі заңсыз кіргізілмек болған

Алматыда Үндістаннан жеткізілген құны 43,4 млн теңге болатын дәрі-дәрмек тәркіленді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл наурызда комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері қалалық ЭТД-мен бірлесіп, Авиациялық көлік прокуратурасы бастамасымен Үндістаннан әкелінген контрабанданы тәркіледі.

Оның таза салмағы – 356 келі. Күдіктілер «Тағамға биологиялық белсенді қоспа» деп жазылған 54 449 дана дәрілік заттың партиясын (таблетка түрінде) енгізуге тырысты. Дәрілер бөлшек саудаға арналып оралған

деп жазылған хабарламада.

Кедендік сараптама нәтижесінде тауардың «дәрілік зат» екені, терапевтік мақсатқа пайдалануға арналғаны белгілі болды.

Дәрі-дәрмектің кедендік құны – 43,4 млн теңге, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы – 5,2 млн теңге. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген «Экономикалық контрабанда» заңбұзушылық белгісі байқалады. Осыған байланысты материал Алматы қаласы бойынша ЭТД-не жіберілді,

деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері басқарма кеден заңын бұзудың 780 дерегін тіркеп, 6,4 млн теңге айыппұл салды әрі қосымша 82,2 млн теңге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago