Саясат

Қазақстанға бірнеше әлемдік көшбасшы келеді

Жақын арада Қазақстанға әлемдік көшбасшылар келеді. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келесі апта Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға келеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті өткен жылдың қараша айында Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын.

Түркия көшбасшысы Ердоғанның сапары Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммиті аясында 3 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы  Мұрат Нұртілеу Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде мәлімдеген болатын. Ердоған арнайы жеделхат арқылы Тоқаевпен кездесуге ниетті екенін растады.

Астанаға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да келеді деп жоспарланған. Бұл туралы Нью-Йоркте Қазақстан мен Венгрия басшыларының кездесуінде белгілі болды. Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне де қатысуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago